Шымкентте дәрігерлер шеге жұтып қойған 5 айлық баланың өмірін құтқарып қалды. Нәрестенің асқазан-ішек жолындағы бөгде затты мамандар кездейсоқ анықтапты.
Ата-анасы бұл жағдайдан хабарсыз. Олар ұлының ұршығын тексертуге келген. Хирургтар оның шеге екеніне көз жеткізгеннен соң да өздігінен түсуін екі аптадай бақылаған. Алайда асқазан-ішек жолынан өткен шеге нәрестенің соқыр ішегіне тұрып қалыпты. Операция кезінде алынған шегенің ұзындығы - 2 см. Дәрігерлер егер шегені дер кезінде анықтамағанда оның тұрған орны шіріп, тесіп шығу салдарынан бала өміріне қауіп төнуі мүмкін екендігін айтады.
Сұлтанғали САРЫБАЙ, ШЫМКЕНТ қ. №1 БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАЛАЛАР ХИРУРГІ:
Ота лапораспиялық тәсілмен жасалды. Бұл жерде операция кезінде электронды -оптикалық рентген аппараты көмегімен асқазан-ішек жолының бөгде затының тұрған жері нақты анықталып, балаға лапораскопиялық аппендактемия соқыр ішектің алынуы жасалынды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Бала бесінші тәулікте толық жазылуымен үйіне шықты.
А. Төребекқызы