$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматылықтар су сұрап жүріп, жолсыз қалды

AstanaTV
10.10.2019ж. 20:00
2674
Алматылықтар су сұрап жүріп, жолсыз қалды

"Орта ғасырда өмір сүріп жатқан сияқтымыз". Алматыдағы Томирис шағын ауданы тұрғындары ауыз сусыз отырған өмірлерін осылай сипаттайды. Коммуналды қызмет құбыр тартуды бастаған, бірақ аяқсыз қалдырыпты. Ыдыстарын сүйреп су іздеген алматылықтар жайлы тілшіміз сабақтайды.

Арба сүйретіп, шелекпен су тасығандарды бұл шағын ауданнан жиі кездестіруге болады.  Олар ішер суын көрші ауылдан алып отыр. Бақытжан Олжабаев та, күнде 200 литр су әкеледі. 

Бақытжан ОЛЖАБАЕВ, ТОМИРИС ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Ертелі кеш машинасынан қонаққа барса да баклажкасы түспейді, флягы түспейді әйтеуір қайтар кезінде суын алып қайтады. Мына жерде артизан  бар Шаңырақта. Жолдың бойында бұрыннан істеп жатқан, жаңағы  водоканалдың колонкалары бар ғой солардан тасиды халықтың бәрі.

Тұрғындар жергілікті әкімдікке де, суға жауапты "Алматы су" коммуналды мекемесіне де шағымданған. Құбыр тартуды бастаған. Бірақ аяқсыз қалдырыпты. Есесіне жолдың проблемасы туындаған.

Айнұр НҰРБЕКОВА, ТОМИРИС ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Құбыр тартамыз деп бүкіл жолды қазып тастады. Сөйтті де оны тастап кетті Енді бізде не су, не жол жоқ. 

Ой-шұқыры көп жолдардан көлік түгіл адамның өзі түзу өте алмайтын жағдайға жеткен.  Су сұрап жүріп, жолсыз қалған халық әкім қаралардың құрғақ уәдесінен әбден шаршаған. Жергілікті билік құбыр орнатылып болған соң, жол қалпына келтіріледі деді. Бірақ нақты қашан бұл жұмыстар аяқталатынын білмейді. «Алматы Су» мекемесі болса, құбыр тарту жұмыстары 90 пайызға аяқталды деп есеп берді.

Ақбота  ЖЫЛЫСОВА, «АЛМАТЫ СУ» МКК ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ МАМАН:

Біршама уақыт әрине қажет етеді. Себебі қосылу үшін де уақыт керек. Біз орталықтандырылған су құбырларын жүргіземіз және арнайы  құдық жасаймыз. Осы қазан айының ішінде барлығы аяқталып толығымен Томирис ықшам ауданы сумен қамтамасыз етіледі.

Атқамінерлер мәселенің шешім табатын күн алыс емес деді. Тіршілік нәрі келісімен, жолды да қалпына келтіруге уәде етті.

Г.Әбдіғаниева