Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

10 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев бүгін түрмеден шықты

AstanaTV
11.10.2019ж. 20:00
2080
10 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев бүгін түрмеден шықты

10 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев бүгін бостандыққа шықты. Ол ақпан айынан бері Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан болатын. Бұрыңғы Ұлттық экономика министрі бір ай бұрын Абай аудандық сотына өзін мерзімінен бұрын босату туралы өтініш-хат жолдапты. Соның негізінде шешім қабылданған. Істі қараған судья Марат Шәріпов, экс-шенеунікті 10 жылға соттаған - Астана қалалық мамандандырылған қылмыстық сотының жаза мерзімі, биылғы ақпанда қысқартылғанын алға тартты. Кешірім актісіне байланысты оның 6 жылы кешірілген. Қалған төрт жыл мерзімінің 2 жыл 8 айын түзеу мекемелерінде өтеп үлгерген. Экс-министрдің өтелмеген мерзімі - 1 жыл 3 айы қалған.

Марат ШӘРІПОВ, АБАЙ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қылмыстық Кодекстің 72 бабының талабына сәйкес мұндай өтініш хатты қанағаттандыру соттың міндеті. Себебі түзеу мекемесінде жазасын өтеу барысында Бишімбаев тарапынан төрт рет алғыс алынған, ешқандай жазалау шаралары қолданылмаған және ол азамат, сотталғаннан шығын өндіру туралы мәселе қойылмаған.

Еске салайық, экс-министр пара алу және жымқыру дерегімен айыпталған. Ол былтыр наурызда дүние- мүлкі тәркіленіп, 10 жылға темір торға қамалды. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылғаны белгілі. Бастапқыда қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде отырып, биылғы ақпаннан бастап Түркістаннан Шымкентке ауысқан еді.

А. Торенбекқызы