Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Nur Otan" партиясы жемқорлықпен күресте Қытаймен тәжірибе алмаспақ

AstanaTV
11.10.2019ж. 20:00
1790
"Nur Otan" партиясы жемқорлықпен күресте Қытаймен тәжірибе алмаспақ

Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте Қытаймен тәжірибе алмаспақ. "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қытай Коммунистік партиясының төрағасы Ян Сяодамен кездесу барысында осылай,-деді.  Тараптар жемқорлыққа қарсы күресте жаңашылдықтардың керек екеніне тоқталды.  Ян Сяода тұрақтылықты сақтауда жаңа сын-қатер барын, оны шешу үшін партиялық бақылауды күшейту керек екенін айтты. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері де талқыланды.
 
Ғ. Өтемісов