Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елбасы Жапония императорына көңіл айтты

AstanaTV
14.10.2019ж. 20:00
2034
Елбасы Жапония императорына көңіл айтты

Жапонияда "Хагибис» тайфуны кезінде 47 адам ажал құшты. Осыған орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Императоры Нарухитого көңіл айтты. Онда қайғыға ортақтасатынын және зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірген. Қазір елдегі әуежай мен теміржол қатынасы толықтай тоқтаған. Бұған қоса, Хонсю аралында электр қуаты мен байланыс жүйесі үзіліпті. Жапониядағы өзге де қалаларда өзендер арнасынан тасып, лай көшкіні болған. Айта кетсем, қазіргі уақытта «Хагибис» тайфуны Токиоға қауіп төндіруде. Соңғы мәліметтер бойынша, 11 адам хабар-ошарсыз кетсе, 90-нан астам адам жарақат алды. Су тасқыны қаупі мен көшкін туралы ескертулерге байланысты жеті миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

А. Данияр