$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтауда 10 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

AstanaTV
15.10.2019ж. 20:00
3565
Ақтауда 10 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Тағы да бала өлімі. Бұл жолы Ақтаудағы 10 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиға бүгін таңғы 4-тер шамасында болды. 14 жасар бала 9 қабаттан секіріп кеткен. Жасөспірімнің мұндай қадамға баруына не түрткі болды? Толығырақ, тілші материалында.

Қайғылы оқиға мына көпқабатты тұрғын үйде болды. Оқушы отбасымен көрші үйге көшпестен бұрын осында тұрған екен. Түннің бір уақытында мұнда неге келіп, өз-өзіне қол жұмсағаны белгісіз. Ұстаздар тарапы оның үлгілі оқушы болғанын айтады. Жыл сайын мектеп психологтарымен өткізелетін «суицидке бейімділік» тестінен де сүрінбей өткен екен.

Гүлмира ӨТЕГЕНОВА, АҚТАУ ҚАЛАСЫ № 6 ОМ ДИРЕКТОРЫ:

Бала жақсы, орнықты жанұяның баласы. Әке-шешесі жас адамдар. Баланың үлкені семьядағы.  Мінезі кішкене жуастау болғанымен, бірақ ашық, және сөйлесуге, контактіге шығып отырған бала.

Істің ақ-қарасын анықтауға полиция кірісті. Олар баланы өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу фактісін де жоққа шығармайды.

Әйгерім ИБАДУЛЛАЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Айта кетсек, оқу жылы басталғалы бері бірнеше оқушы өз-өзіне қол жұмсады. Жақында ғана Ақтөбе обылсында екі бала асылып қалған болатын.

Ә. Өмірзақ