Павлодар облысы Заозерное ауылының тұрғындарын алаңдатқан жол мәселесі шешімін тапты. Бұл бағытта оларға «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы көмек көрсеткен. Ауылдықтар ұзақ жылдар бойы құзыретті органдарға шағымдаған, дегенмен нәтиже болмапты. Өтінішті назарға алған партия депутарттары қаражат бөліп, тас жолға жөндеу жүргізді.
Анатолий Рудченко Заозерное аулының тұрғыны. Ол осы мекенде еңбек еткен, қазір мүгедектігі бойынша зейнетте. Айтуынша, жарамсыз жол ауылдықтарды әбден әбігерге салыпты. Амалсыздан тұрғындар бірнеше рет өз қаражаттарына жөндеу жүргізген, бірақ жаңбырдан кейін асфальт үстіндегі қазандай шұңқырлар қайта пайда болатын көрінеді.
Анатолий РУДЧЕНКО, ЗАОЗЕРНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Көктем шықса, шұңқырларға су толады, күзде түссе маңай лай-балшыққа айналады. Әсіресе, балабақшаға, мектепке баратын балаларға қиын. Бұл жол 80-ші жылдары салынғаннан кейін жөндеу көрмеген.
Жол азабын тартқан тұрғындар «Нұр Отан» партиясынан көмек сұраған. Нәтижесінде Заозёрное-Шақат тас жолын жөндеуге қаржы бөлініп, 1400 шаршы метр жерге асфальт төселді.
Вера ГЕЙНЦ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Әлеуметтік желілерде біздің арнайы парақшаларымыз бар. Тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарын сол жерге жолдай алады. Осы тас жолға қатысты қиыныдықтар бар екенін біз инстаграм парақшасындағы хабарлама арқылы біліп, көмек көрсеттік.
Павлодар облысындағы жолдарды қалпына келтіруге биыл 11 миллион теңге бөлініп, бес учаскеге жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, партия көмегімен Кемеңгер ауылындағы көшелердің біріне асфальт төселді.
Маржан НҰРҒАЛИЕВА, КЕМЕҢГЕР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мына ұзын көшеміз, 60 жылдық октябрь көшесі бойы асфальт салынып, тротуарлары, балалардың жеке жүрістеріне тротуарлар салынды. Мектептің алдына түрлі-түсті тас орнатылып, барлық жағдайлар туғызылып жатыр.
Жөндеу жұмыстары барысында фракция депутаттары мәселені бақылауда ұстап, қаржының толық игерілуін қадағалаған. Тас жолды жаңарту «Нұр Отан» партиясының «Құтты Мекен» жобасы аясында артқарылды.
Ә. Асқарұлы