Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбеде терможаңғыртуға қатысты он шақты тұрғынның ісі сотта қаралып жатыр

AstanaTV
22.10.2019ж. 20:00
2111
Ақтөбеде терможаңғыртуға қатысты он шақты тұрғынның ісі сотта қаралып жатыр

Ақтөбеде терможаңғырту бағдарламасымен жөндеу жасалған жатақхана тұрғындары шу шығарды. Бес қабатты ғимаратқа жасалған жұмыстар көптің көңілінен шықпайды. Аймақтағы әріптесім Бақыт Рахметова тараптарды тындап қайтты.

Мәдина Қалиева көп балалы ана. Жетпіске келіп қалған кейуана, жатақхананың аядай бөлмесін пана етеді. Соңғы жылдары көзі көрмей, өздігінен қозғала алмай қалған. Жаныма батқан ол емес,- дейді зейнеткер. Жатақханаға жөндеу жүргіздік деген мекеменің 700 мың теңгені мойнына іліп қойғанына налиды. Болмаған жөндеу жұмыстарына не үшін ақша беретінін түсінбей дал. 
 
Мәдина ҚАЛИЕВА, ТҰРҒЫН:

Дымда істеген жоқ. Даже терезеде салған жоқ. Жарға қағазда жабыстырған жоқ. Ешқандай. 700 мың төлейсің деп иә сотқа беріпті. Ештеңеде істеген жоқ. Мен төлемеймін. Бір тиында төлемеймін.


Бұл ғимарат 1980-ші жылдары пайдалануға берілген. Бүгінде тозығы жеткен соң, терможаңғырту бағдарламасына іліккен. Талапқа сай жөндеу жұмыстары үшін әр бөлме  айына 2000 теңге төлеуі тиіс. Төлем мерзімі - 15 жыл. Бірақ жөндеу жұмыстарына көпшіліктің көңілі толмайды. Олар ғимараттың бетін ғана сырлап кетті деп отыр.

Қүнсұлу ДӘУЛЕТҚАЛИЕВА, ТҰРҒЫН:

Мынау деген масқара ғой. 38 млн теңге ақша кетті. Труба іші жіріп жатыр. Көрдіңіз бе? Су ағып жатыр. Как попало жасаған. Қалай болса солай. Екінші этаждан душқа түссе мынау былшырап су болады. Есіктердің түрлері қараныз. Ойдай ақшаны қайда жіберген. Это разве ремонт Білмеймін тіпті.  
 

Алдажар БАЛАМБЕТОВ, ТҰРҒЫН:


Сапасы  жоқ. Канализацияны не меняли. Трубы холодной, горящий воды не меняли. Су біреуге келсе, біреуге келмейді. Менде до сих пор отопление істемей жатыр. Кск айта, айта шаршадым. 
  

Ал, жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер мекеменің басшысы тұрғындармен келіспейді.

Сүлеймен АХМЕТБЕКОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ БАСШЫСЫ:

Сметада жүз пайыз көрсетілмейді. Кейбір жұмыстар көрсетілген, кейбірі көрсетілмеген. Көрсетілгенін жасадық. Халықтың деңгейі аз енді. Біз жұмысты артығымен істеп бердік.


Модернизация бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарына тендерді жеңіп алған "Табыс-Ақтөбе" мекемесі болса, жатақхананың шатыры, қасбеті мен электр жүйелері, жертөлесі жөнделгенін, оған қоса кәріз құбырлары ауыстырылғанын жеткізді. Дегенмен үш жылға кепілдік уақыты бар екенін де ескертеді. 

Ұлжан ТӘЖІБАЙ, «ТАБЫС АҚТӨБЕ» ЖШС БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:


Гарантинный срок бойынша бізге келіп ішке заявление жазса сол бойынша біздер қарап, устранить етеміз.

Бақыт РАХМЕТОВА,ТІЛШІ:

Айта кетейік Ақтөбеде терможаңғырту бағдарламасымен 150 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл мақсатқа екі миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалыпты. Бүгінгі күні осы бағдарламаға көңілі толмаған он шақты тұрғынның ісі сотта қаралып жатыр.


Б.Рахметова