Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Жалғызбасты ана екі бірдей мүгедек адамның күтіміне байланысты жәрдемақы ала алмай отыр

AstanaTV
22.10.2019ж. 20:00
2174
Жалғызбасты ана екі бірдей мүгедек адамның күтіміне байланысты жәрдемақы ала алмай отыр

Павлодар облысында жалғызбасты ана екі бірдей мүгедек адамның күтіміне мемлекеттен жәрдемақы ала алмай отыр. Тұрғын мәселесін бүгін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында өткен аймақ басшысының қоғамдық қабылдауында айтты.  Ғалия Шүкітаеваның туған ағасы осыдан 8 жыл бұрын инсульт алып, төсек тартып қалған. Содан бері оны бағып-қағуды міндетіне алыпты. Оған қоса өздігінен жүріп-тұра алмайтын, жасы келген анасына да қарайды. Ол мемлекет тарапынан күтуші ретінде оған ақы төленбейтініне қапалы. Өйткені, ауру адамдарды баққандықтан, жұмыс істей алмай отырғанын жеткізді. Әкім оның мәселені қарайтынын айтты.

Ғалия ШҮКІТАЕВА, ТҰРҒЫН:

Ол кісі төсек тартып жатып қалды, не тұрмайды. Ол кісінің астын дәретін жуып өзім тазалаймын. Өзім жуындырам. Екі кісі бірдей өте қиын. Жағдайымыз өте қиын былай айтқанда кезде. Су тасылмалы, отын жағулы, пәтерге кезекте тұрдық не пәтер ештеңке берілмейді.
 
Ө. Қуанар