Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шымкентте бір мезетте ондаған адам көк туымызды алып жүрді

AstanaTV
22.10.2019ж. 20:00
2526
Шымкентте бір мезетте ондаған адам көк туымызды алып жүрді

Шымкентте өткен "Менің туым-менің Отаным" акциясы көпшіліктің назарын аударды. Бір мезетте 30-дан астам адам қолдарына көк туды ұстады, тағы жүздеген жан жалаушаларды желбіретті. Дәл осы мезетте ені -3, ұзындығы 6 метр болатын алып көк байрақ сауда орталығының қақ төріне ілінді. Мұнан соң еліміздің әнұранын орындады. Ұйымдастырушылар қала тұрғындарына туымыздың тарихы мен оның маңыздылығы туралы да айтып берді. Айта кетейік,  бұл шараға бастамашы болған "Nur Otan"партиясының мүшелері. 

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Адамдар көп шоғырланатын жерде, алаңдарымызда мемлекеттік ту ілініп тұратын болса біздің патриоттық рухты тәрбиелеуге, жастардың арасында жалпы отансүйгіштік рухты тәрбиелеуге үлкен әсерін тигізеді. Бұл акцияның мақсаты мемлекеті силау, мемлекеттік рәміздерді силау  ол адамның өзінің ішкі жүрегіне қалыптастыру керек.

А. Төребеккызы