Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Арыстағы залалсыздандыру жұмыстарын АҚШ мамандары бақылады

AstanaTV
24.10.2019ж. 20:00
1821
Арыстағы залалсыздандыру жұмыстарын АҚШ мамандары бақылады

Арыстағы оқ-дәрілерді залалсыздандыру жұмыстарын АҚШ мамандары бақылап жүр.  Арнайы топ қоймадағы оқ-дәрілердің сақталу жағдайымен, орналасу реттілігімен танысқан. Олардың атқарылған жұмыстарға көңілі толады. Ең бастысы  саперлерді асықтырмау қажет деп ескертті.

Марк ТОБАЙОС, АҚШ САРАПШЫСЫ:


Біз бұл жерді тазартумен айналыспаймыз. Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің сұрауы бойынша келдік. Олар қауіпсіздік шаралары дұрыс жүргізіп жатыр ма соны бақылап, осы мақсаттар кеңес беруге шақырған. Менің ойымша, барлығы өз деңгейінде атқарылып жатыр. Барлық маңайды тексеріп шықтық.

 
А. Данияр