Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жалағаш ауданы күріш жинаудан рекорд орнатты

AstanaTV
24.10.2019ж. 20:00
6634
Жалағаш ауданы күріш жинаудан рекорд орнатты

"Прадо", "Ниссан", "Нива" және "Лада грант". Жалағаш ауданының ең үздік механизаторлары, комбайнерлері мен күрішшілері осындай тартуға ие болды. Аудан биыл мол егін жинап, облыс чемпионы атанған. Олар күзгі молшылық мерекесімен қатар, аймақтың 80-жылдық мерейтойын атап өтті. 

"Ер-Әли" шаруашылығы күріш өсіруден рекорддық көрсеткішке жетті. Осыдан 20 жыл бұрын да әр гектардан 25 центнер өнім алған болатын. Ал, биыл бұдан үш есеге артық күріш жинап отыр. Өнімнің көлемімен бірге сапасы да артып келе жатқанын шаруа мақтанышпен жеткізді. 

Әліби БЕКЖАНОВ, "ЕР-ӘЛИ" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Биыл 1280 гектарға күріш орналастырып, әр гектарынан орташа өнім-75 центнерден өнім алдық шаруашылық бойынша. Қазір замануи техника, технология, инновациялар-барлығын еңгізіп, қазір ең жоғарғы өнімді 89,6 центнерге жеткіздік. Еңді одан да әрмен қарай өнімді көтеруге біз ат салыса береміз.


Жалағаш аудан биыл шамамен 140 мың тонна күріш алған. Облыс бойынша бұл аудан көш басында тұр. Атқамінерлер тынымсыз еңбектенген шаруалардың еңбегін бағалап, сый-сияпат жасады. Үздік күрішшілерге су жаңа автокөлік үлестірді. Бұл ретте аграрлық сектормен қатар барлық сала бойынша жетістіктер ескерілген.

Қайрат СӘРСЕНБАЕВ, ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Инвестиция тарту саясатында атқарылып жатқан жұмыстарды айтсақ, бір ауданның өзінде 45 миллиардтың жобалары бүгінгі таңда іске асырылуда. Оның 28 миллиарды биылғы жылдың үлесінде. Сол сияқты көптен күткен аурухана құрылысы басталып, газ кіргізу жұмыстары жүзеге асырылуда. Бір биылғы жылдың өзінде 5 елді-мекенге ауыз су жүйесің пайдалануға беру жөнінде жұмыстар жасалып жатыр, жақын күндері аяқталады. Елді-мекендерде 29 көше жөндеуден өтті. 

Ал күзгі салтанатқа орай, аудан орталығындағы алаңда киіз үйлер тігіліп, қазанға ет асылды. Жәрмеңке де мерекенің көркін ашты. Ақындар мен әншілер де осы жерден табылды. Айтыс ақындары өнерлерін паш етті. 

А. Мүтәлі