"Ұлттық ұлан" кинологтары соңғы 4 жылда иісшіл иттердің көмегімен 160 келі есірткі тәркілеген. Бұл туралы елордада кинологтар арасында өткен жекелеген-командалық ашық біріншілікте айтылды. Иісшіл иттердің сақшылыққа қарым-қабілеті тексерілген сайысқа Асылбек Данияр да барды.
26 жастағы кинолог Әділет Тоқатаров бұл салаға 8 жыл бұрын келген. Ол кішкентайынан ит баптауға құмар болып өскен. Қазіргі таңда белгиялық тұқымдас "Зенанымен" жұмыс істейді. Кинолог маманның айтуынша, иті екеуі 2 келіден аса есірткі тәркілеген.
Әділет ТОҚТАРОВ, №5573 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КИНОЛОГЫ:
Зенаны ұстап жүргеніме 5 жыл болды. Күшік кезінен асырап, өзім үйреттім. Бұл есірткі іздейді, потрульдік посттарға шығады. Біраз қылмыскерлерді ұстап, есірткі тәркіледі.
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:
Кинология- еліміздегі аса маңызды салалардың бірі. Олар жарылғыш заттарды іздеуде, есірткі тасмалын анықтауға, сондай-ақ қауіпті қылмыскерлерді құрықтауға қолданылады. Дәл қазір 5573 әскери бөлімінің кинолог итін тәжірибеден өткізіп көретін боламыз. Осындағы сөмкелердің біріне есірткіні жасырамыз және ит өзінің қызметін қалай атқаратынын көретін боламыз.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 15 кинолог иттерімен есірткі табу, мина іздеу, қылмыскерлерді ұстап, жоғалғандарды табу көп сайыстары бойынша бақ сынасқан.
Борис ЦЫГАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН КИНОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Бұл жарысқа Батыс, Орталық, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстіктен командалар келіп қатысты. Жалпы, жарыс 4 күнге созылды. Қорытындыға келсек, 5573 әскери бөлімі жалпы командалық есепте топ бастап, бірінші орынға ие болды.
Сала мамандары із кесуші иттерді әзірлеу оңайға соқпайтынын жеткізді. Оларды аптасына кемі 5 рет шынықтырады.
Дмитрий ГАРЕЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН КИНОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:
Иттің иіс сезу қабілетін жетілдіру мақсатында негізінен ойын әдісін қолданамыз. Бұл арқылы иттің иіс сезу, іздеу қабілеті дамиды.
Кинолог мамандар 4 жылда қызметтік иттердің көмегімен 160 келіден аса есірткі тасымалына тосқауыл болып, іс-түссіз жоғалған 6 адамды тапқан. Сондай-ақ қолды болған 26 миллион теңге мен 2 000 АҚШ доллар иесіне қайтарылған.
А. Данияр