Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстан сандық қызметті экспорттауы мүмкін

Қазақстан сандық қызметті экспорттауы мүмкін

Қазақстандық стартаптар шетелдік венчурлық инвесторлардың қолдауына мұқтаж. Бұл туралы «QTV Sessions» форумында «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің директоры Әділ Нұрғожин мәлімдеді. Ол отандық стартаптар шетелдік нарыққа шығуға қауқарсыз,-деді. Сондықтан өнертапқыштарды қолдау мақсатында әлемдік қорлармен ынтымақтастықты арттыру керектігін айтты. 

«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі "Quest Ventures" сингапурлық венчурлық қоры және Тайландтың ұлттық инновациялық агенттігімен келісім-шартқа қол қойды. Енді отандық стартаптарға Сингапур және Таиланд компаниялары қолдау көрсететін болды. Осылайша Қазақстанда сандық қызметті экспорттауға мүмкіндік туды.

Әділ НҰРҒОЖИН, «БӘЙТЕРЕК» ҰБХ АО ДИРЕКТОРЫ:



Қазақстандық стартаптардың экожүйесін әлем картасына енгізу керек. Біздің мемлекеттің бұл сферада тәжірибесі аз. Сондықтан неғұрлым дамыған экожүйелерді бекіту үшін көп жұмыс істеу керек. Осы мақсатта бірлескен венчурлық қорлар құруға тырысамыз. Екіжақты келісім арқылы нарықта өз дәрежемізді көтеруге болады.

Сингапрудың бір ғана қаласында 200-ден астам венчурлық фонд шоғырланған. Олар жыл сайын стартап жобаларға 10 миллиард доллар қаржы жұмсайды. Ал таиландтық венчурлық инвесторлар орталық Азияда бірінші орында. Олар Қазақстанда венчурлық эко-жүйе құру маңызды деп отыр.

Пун-Ардж ЧАЙРАТАНА, ТАИЛАНД ҰЛТТЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:



Біз венчурлық қаржыландырудың экожүйесін дамытуға көмектескіміз келеді. Әрине, бұл банктік немесе кез келген басқа қаржыландырудан ерекшеленеді. Сонымен қатар стартап әзірлеуді университеттерге де енгізу керек. Таиландтың 47 университетінде осы бизнес-модель жұмыс істейді. Сондықтан бұл тәжірибені Қазақстанмен бөліскіміз келеді. Мұндай қадам арқылы екі ел арасында жақсы қарым-қатынас орнауы мүмкін.

Бұған дейін "Бәйтерек" холдингі Корея және Ресеймен қарым-қатынас орнатқан. Әділ Нұрғожин қазақстандық стартаперлер үшін жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік артқанын жеткізді.

Ғ. Өтемісов