$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте кісі өлген дәмханада жұмыс істеп жатқан криминалистердің видеосы барап кетті

AstanaTV
31.10.2019ж. 20:00
3966
Шымкентте кісі өлген дәмханада жұмыс істеп жатқан криминалистердің видеосы барап кетті

Ал Шымкент дәмханасында оқ боратқандар әлі табылған жоқ. Ал бытырадан жараланғандардың екеуінің жағдайы ауыр. Біздің қолымызға қанды қылмыс орнында түсірілген эксклюзивті бейнекадрлар тиді. Онда криминалистердің жұмыс істеу сәті таспаланған.

Кадрде мамандар оқ жарақатынан жан тапсырған жігіттің мәйітіне сараптама жасау үстінде. Бытыра 28 жастағы азаматтың кеуде тұсына шашырай тиіпті. Қанға боялған шағын бөлмеде полицейлер жедел түсірілім жасап жатыр. Бұдан бөлек әуесқой түсірілім де жүріп жатқаны байқалады. 

Әсел СӘДЕНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Оқиға орнынан әлеуметтік желілерге тарап кеткен видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде. 

Еске салайын, қанды қылмыс сейсенбі күні Шымкентегі «Сүндет» дәмханасында болды. Тамақтану орнына сырттан кірген адам көздеген адамдарына оқ жаудырған болатын. Төрт адамға оқ тиіп, біреуі сол жерде жан тапсырған. Қылмыс орнынан айғақты зат ретінде автокөліктер мен қарулар алынды. 

А. Торебекқызы