Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбе облысында 400-ге жуық көлік қар құрсауында қалып қойған

AstanaTV
04.11.2019ж. 20:00
2531
Ақтөбе облысында 400-ге жуық көлік қар құрсауында қалып қойған

Ақтөбенің "Самара-Шымкент" тас жолы бойында 400-ге жуық көлік қар құрсауында қалып қойды. Аймақтағы құтқару және жол тазалау қызметтері күшейтілген режимдегі жұмысқа көшкен. Өткен тәулікте ауа райы күрт өзгеріп, ақ түтек боран соқты. Жеңіл және жүк көліктері, тіпті жолаушылар автобусы Ырғыз ауданында жолда қалып қойған. Қазіргі таңда аймақтан 132 адам эвакуацияланған. Олардың 17 балалар.

Қайрат ҚАСЫМ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Айта кету керек бұл көліктердің барлығы жол бойындағы кафелердің маңында, кемпингтерде аялдап отыр. Ол аймақта мұндай орындар жетерлік. Адамдардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
 

Әкімжан ӨТЕМҰРАТОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Бізге қиыншылық туғызып тұрған машиналар хабарламаға қарамастан жолға шығып кеткен. Және жолға дайындықсыз.

Б. Рахметова