Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Парасат» саяжай кооперативі тұрғындарының қалаға қатынуы қиын

AstanaTV
04.11.2019ж. 20:00
2898
«Парасат» саяжай кооперативі тұрғындарының қалаға қатынуы қиын

Елордадан 28 шақырым қашықтықта орналасқан «Парасат» саяжай кооперативі тұрғындарының қалаға қатынуы мұң. Айтуларынша, саяжай аумағынан аялдама қарастырылмағандықтан, автобус тоқтамайды. Қоғамдық көлікке міну үшін елді мекенен бірнеше шақырым орналасқан Софиев ауылына баруға мәжбүр. Ал оған шамасы жетпейтін кішкентай балалар мен қарттар зуылдаған көлік жолын төтесінен кесіп өтіп, такси тоқтатып жүр. Әлихан Асқарұлы жалғастырады.

Мұнда жаяу жүргіншілерге арналған өткелде жоқ. Тұрғындар қарап жатқан, жолды кесіп өтіп, такси ұстауға мәжбүр. Ал автобус бұл маңға мүлде тоқтамайды. Себебі, аялдама жоқ. Қалаға баратын қоғамдық көлік елді мекеннен бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан көрші Софиев селосына ғана тоқтайды.
 
Нұргүл СӘНДІБЕКОВА, «ПАРАСАТ» САЯЖАЙ КООПЕРАТИВІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Аяғымыз деген айырылып, өтеміз арғы бетке. Содан машина ұстаймыз, такси тоқтамайды кейде. 6-да тұрғаннан, 6:45-ке дейін, кейде 7-ге дейін тұрып қаламыз жолда.

Парасат саяжайында 1500 адам тұрады. 200-ге жуық оқушы бар. Балалардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласына қатынап оқиды.

Жол қысқартамыз деп, өмір қысқартып алмайық деп алаңдап отырған тұрғындар мәселесін өкілетті органга жеткіздік. Жауап мындай:

Берік ХАСЕНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Ол жерде жол өткелін салу мүмкін емес. Себебі, белгіленген нормативтік актілер бойынша, жол өткелдерінің арасы 10 шақырым болуы керек. 4 жолақты, ар жағында 2 жолақты көліктер жиі жүргендіктен, ол жерден көлік бұрылмақ түгелі, адам өтуіне, барлығына тыйым салынған негізі. 

Жолдан бөлек, мұнда ауыз су мәселесі де өзекті. Тұрғындар суды қаладан тасып ішеді. Сонымен қатар, аурып-сырқасаңыз жедел-жәрдемнің келу де қиямет.   

Әлия НАЙМАНҚҰЛОВА, «ПАРАСАТ» ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Жедел-жәрдемді шақырсақ, жедел-жәрдем біздің салған телефонымыз Целиноград ауданына түседі. Целиноград ауданына түседі де сіздер біздікі емессіздер дейді, сіздер саяжайсыздар, қалаға қарайсыздар дейді. Сөйтіп екі ортада саудаласып болғанша, екі ортада бір жарым, екі сағат болады. Соныменен, біздің жаңағы ауылымыздың бір Чехни Владимир деген біздің бір тұрғынымыз қайтыс болып та кетті. Постгаиге жетіп үлгермей.

Бұл жер саяжай болғандықтан, әкімдік тек жаз уақытында ғана арнайы автобус бөлетін көрінеді. Ал қыс мезгілінде мұнда тұруға рұқсат берілмеген. Сондай-ақ, тұрғындардың тұрғылықты тіркеуі жоқ. Олар түйткілдің шешімі ретінде "Парасатқа" ауыл мәртебесі берілуін сұрап отыр.

Ә. Асқарұлы