Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде 7 мыңнан астам шаруа қожалығы жабылуы мүмкін

AstanaTV
04.11.2019ж. 20:00
2609
Ақтөбеде 7 мыңнан астам шаруа қожалығы жабылуы мүмкін

Ақтөбеде шаруалар алаңға шықты. Олар Үкімет уәде еткен субсидияны күтуден шаршаған. Айтуларынша жеті мыңнан астам шаруа қожалығы құлдырау алдында тұр. Әбден шығынға баттық деген қожалық иелері қолдағы малды түгел сойып, етке өткізуден басқа жол жоқ деді.

Алаңға жиналған шаруалардың көпшілігі Үкіметке иек артып «Сыбаға»,«Ырыс» бағдарламасымен мал өсіріп отырғандар. Бірақ мемлекеттің субсидиясы берілмей күйлері қашқан. Уәде орындалмағалы қарызымыз қауғаланып, шығынға баттық дейді олар.

Руслан СҮЙІНШАЛИН, КӘСІПКЕР:

Менде «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүт өңдіретін ферма бар. Маған асыл тұқымды малды ұрықтандырып, көбейтуге субсидия бөлінген. Бізге сүт фермаларына субсидия беруді тоқтатты. Мен енді сол малдың барлығын сойып етке тапсырамын. Басқа амалын қалмады. 

Шаруалардың айтуынша, шығынның өсуіне, биылғы қуаңшылықтың да әсері бар. Қазір жем-шөптің бағасы шарықтап тұр. Ал етті өткізу құны сол қалпы,- деді.

Самат ҚАЛДЫҒҰЛОВ, КӘСІПКЕР:

Бүгінгі талабымыз біздің үкімет өзінің айтқан субсидиясын төлесе екен дейміз. Өйткені барлық шаруалар банкроттың алдында тұр. Өйткені еттің бағасын білесіздер үкімет көтертпей отыр.Біздің тапсыратынымыз 1250 теңге. Қалғанын базарларда көбісі айтады 1500 теңгеден сатады деп ол  перекупчиктердің шаруасы.

Батырбек МӘУЛЕНОВ, КӘСІПКЕР:


Бүкіл малымызды сатып сондай сұрақтарға көшеміз. Бүкіл залог үй, машина сол шаруашылықты алу үшін жүргізу үшін салып қойғанбыз. Біздің алған кредитіміз осы субсидияны береді деген есеппен алты млн алашағымыз бар сол ақшаны аламын деп есептеп, енді ноябрде кредиттер жаба алмай просрочка жүріп жатыр.

Сондай-ақ шаруалар шет мемлекеттерден мал әкеле алмайтындықтарына наразы.

Александр МАНДРЫКИН,  ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Чехиядан малды әкелу үшін Татарстанның компаниясы таңдалған. Бізде Қазақстанның компаниялары жоқ па сонда?! Неліктен сол таңдалған? Татар компаниясы «КамАгро» басшысы сотталған болып шықты. Сондықтан ол біздің елге кіре алмады. Оның атынан басқа адам сенімхатпен жұмыс істеген. Сонда бізде ештеңе тексерілмей ме?!

Шаруаларға басу айтып, бұл алаңға шенділерде жетті.
 
Панабек БИМҰРАТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Бүгінгі күні 19 жылдың міне аяғы тақалып қалды. Біз фермерлерге 3,7 млрд теңге қарызбен кіріп отырмыз. Бұл қаржыны бүгін ауыл шаруашылығы министрлігі берілетіндігін хабарлады. Біз сол 20 жылдың ақпан-наурызында толық құтылып боламыз деген жоспарымыз бар.


Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:


Шаруалардың бейбіт ереуіліне көрші облыстардың да қожалық иелері қатысты. Ал Солтүстік облыстардан шыққан шаруалар, қатты боранда жолда қалып бұл жиынға жете алмады. Жиналғандар болса, өзара қол жинап, наразылықтарын Президентке жеткізбекші.
 
Б. Рахметова