$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Қазақстанда ақбөкендерді заңсыз аулағандар арнайы есепке алынады

AstanaTV
06.11.2019ж. 20:00
2594
Қазақстанда ақбөкендерді заңсыз аулағандар арнайы есепке алынады

Қазақстанда ақбөкендерді заңсыз аулағандар арнайы есепке алынады. Бүгінгі күні бұл тізімге 80-нен астам браконьер іліккен. Ішкі істер министрлігінің комитет төрағасы Мақсат Байболов бүгін БАҚ өкілдеріне осыны жеткізді. Ведомство бұл қылмысқа қатысты заңды қатаңдату барысынды мемлекеттік инпекторлардың қару қолдануына рұқсат берген.

Мақсат БАЙБОЛОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Мемлекеттік инспекторлардың қызметтік автокөліктерін жаңартамыз. Көліктерде арнайы жарық, дыбыс сигналдары болады. Құқық қорғау және арнайы органдардың автокөліктері скекілді бір түсте боялады.  Тиісті өзгерістер заңнамаға енгізіледі.


Биылғы жылы ақбөкендерді заңсыз аулау, мүйіздерін сатып алу және сату деректері бойынша 56 сотқа дейінгі тергеу ісі басталған. 46 адам ұсталып, олардан 612 киік пен 687 мүйіз тәркіленді. Ал соңғы 5 жылдағы мемлекетке келген шығын көлемі 11 млрд теңгеге жетіп отыр.

А. Мүтәлі