Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

2,7 млн қазақстандық медсақтандырумен қамтылады - ҚР ДСМ

AstanaTV
13.10.2017ж. 20:00
2357
2,7 млн қазақстандық медсақтандырумен қамтылады - ҚР ДСМ

Үш млн-ға жуық қазақстандық медициналық сақтандырумен қамтылуы мүмкін. Бұл кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзін өзі жұмыспен қамтығандарға қатысты. Бүгін "Нұр Отан" партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына қатысқан Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева осылай деді. Айтуынша, осы санаттағы адамдардың уақытында толық төлем жасауы маңызды. Ал қордағылар жұмыс берушінің жарна аударуына қатысты ақпаратты электронды үкімет сайтынан білуге болады, дейді.

Елена Бахмутова, "Әлеуметтік медициналық сақтанудыру қоры" КЕАҚ басқарма төрайымы:

Кез-келген адам e-gov-тан өзінің жеке кабинеті арқылы қанша жарна түскенін көре алады. Егер қандай да бір айырмашылық болса, жұмыс берушіге немесе қорға өтініш жазады. Қателесіп артық аударылған жарнаны да өтініш арқылы қайтып алуға болады.

"Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауына қатысқан астаналықтар медициналық сақтандыру туралы ақпаратқа барынша қанықты. Онда сала басшылары мен депутаттар барлық сауалдарға тұщымды жауап берді. Бүгінде Қорға 4,5 млн қазақстандық 13 миллиард теңге аударып үлгерген. Келесі жылдың қаңтарынан бастап медициналық қызметті жаңа тәртіпке сай ала бастайды.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ