Негізгі / Жаңалықтар / Астаналықтар қазақ тілінен диктант жазды

Астаналықтар қазақ тілінен диктант жазды

Қазақ тілінен өзінің білім деңгейін кез-келген адам тексере алады. КАЗГЮУ Университетіне бүгін студенттер мен оқытушылар және әр саланың қызметкерлері жиналып, диктант жазды. Тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатындағы әлемдік тәжірбиені жерлестеріміз биыл екінші рет қолданып отыр. Қазақша диктанттың мәтініне президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласынан үзінді таңдап алынды. Ал қатысушылардан әдеттегідей өтініш қалдыру немесе тіркелу талап етілген жоқ. Жаңалықты ғаламтор арқылы естіп келгендердің саны биыл 600-ден асты. Жүлделі байқаудың қорытындысы 3 күннен кейін белгілі болады.

Қарлығаш Дүсіпбаева, КАЗГЮУ университеті қазақ және орыс тілдері департаментінің координаторы:

Біздің Астана қаламыздың өзіндегі жаралы жарнамаларды көрсеңіз, жүрегіңіз ауыратын сәттер болады. Сонымен қатар белгілі бір мекемелердегі құжаттарға кездейсоқ тап болсаң, сол жердегі қателерді көрсең, тағы да жүрегің ауырады. Мысалы, бір ғана рақмет деген сөзді кейбіреуі х-хлеб деген х-мен жазса, заң бойынша біз оны қарлығаш дегендегі қ-мен жазуымыз керек.