Басшы параны ашкөздіктен, ал қарапайым маман қажеттіліктен алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланған форумда ведомство басшысы Алик Шпекбаев осылай деді. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын 2 есе көтеру көзделіп отыр. Оның айтуынша, аталмыш тәжірибе Сингапур, Гонконг және Еуропа елдерінде қолданылған. Сәйкесінше, оң нәтиже байқалыпты.
Алик ШПЕКБАЕВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Соңғы 5 жылда сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 75% қызметкердің жалақысы төмен болғаны анықталды. Осы орайда олардың қажеттіліктен пара алады деген қоғамдық пікір әділ.
А. Аскар