$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жамбылда лицензиясы жоқ қос бірдей колледж талапкерлер қабылдаған

AstanaTV
08.11.2019ж. 20:00
2737
Жамбылда лицензиясы жоқ қос бірдей колледж талапкерлер қабылдаған

Жамбыл облысында қайтадан білім саласынан былық шықты. Бұл жолы Шу мен Меркі ауданындағы екі оқу орны лицензиясыз жұмыс істеп келген. Ал жалған оқуға қабылданған жүзден аса студент сан соғып қалды. Биыл ашылған білім ордасы  120-ға жуық студент қабылдап, төлемақысын да  алып үлгерген. Облыстық басқарманың мәліметінше, Шу колледжіндегі оқу ақысы тоғыз сыныпты бітірушілер үшін 125 мың теңге болса, мектеп бітіріп барғандар үшін 140 мың теңгені құраған.  

Дәмеш УСКУМБАЕВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫ  БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


9 талаптан тұрады. Сол талаптар орындалмаған. Соған байланысты барып, құжаттарын, материалдық базасын реттеуге хат жазып қайта қайтарғанбыз. Кейін қайта салды, мамандар қайта барып көрді, құжаттары дұрыс болса да, материалдық базаға, оқулықтарға, оқутышыларға келгенде сәйкес болмады.

Осыдан кейін облыстық басқарма орта оқу орындарының жұмысын тоқтатуға көшкен.  Белгілі болған былықтан кейін  шәкірттер жасына қарай мектептер пен басқа оқу орындарына жіберіліп, оқу ақылары да қайтарылыпты. Шу қаласындағы білім ошағы Алматы медициналық колледждінің филиалы болып кеткен. Ал  Меркідегі медицина мамандарын  даярлайтын мекеме лицензия алуға өтініш те бермеген. Шенеуніктер қос қолледждің иесін таппай жатыр. Ал заңды тұлға ретінде тіркелгенін анықтау үшін Әділет департаментіне өтініш беріпті. Меркілік колледж 80 шәкірт қабылдап, оларды Алматыға ауыстырып жіберген. Ал аты-жөнін айтудан қашқан Шу колледжі директорының міндетін атқарушы азамат былай құтылды.


- Біз қазір жұмыс істеп жатқан жоқпыз.
- Неге айта алмаймын.
- Аты жөніңізды білуге бола ма?
- Аты-жөнімді айта алмаймын.



Д. Әлімқұл