Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматы облысының тұрғындары шаруашылықтарын 3 жылдан бері суара алмай отыр

AstanaTV
13.11.2019ж. 20:00
2207
Алматы облысының тұрғындары шаруашылықтарын 3 жылдан бері суара алмай отыр

Алматы облысының тұрғындары 3 жылдан бері мал мен егін суара алмай отыр. Айтуларынша, ауылдағы құдықты жергілікті әкімдік жекенің меншігіне аударып жіберген. Ал қожалықты иемденген адам суды тұрғындарға сатып отырған көрінеді. Тұрғындар ол үшін ай сайын 50 000 теңге төлейтіндерін айтты. Егін егіп, мал бағып күнелткен жұрт су үшін мұншалықты қаржы жұмсауға шамамыз келмейді деп ашынады. Шағымдарын арқалап бармаған жерлері жоқ. Жерді иемденіп алған адаммен де талай рет соттасыпты.

Фатима ХАЛЫҚОВА, ДАРДАМТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазіргі күнде біз өзіміз ішетін суымызға ай сайын 20000 мың төлеп, насос арқылы алып отырмыз. Себебі, жай су бізде жоқ. Басқа судан ішетін көз жоқ. Малдарға ішетін су жоқ болып отыр. Ай сайын токқа 20000 мыңнан төлеп жатқанымызға 3 жыл болды, Қазіргі күнде жұмыс жоқ ешқандай. Жұмыссызбыз. Онда суды бермесе, жұмыс орнын берсін! Жұмыс істеп күн көрейік.

Дәл қазір бұл мәселеге қатысты жауап беретін Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз хатшысы бізбен тікелей байланыста. Талант Санатұлы, ауыл тұрғындарының мәселесі қалай және қашан шешіледі?

Талант АХМЕТОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҰЙҒЫР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Дардамты ауылдық округіне қатысты Сарасан учаскісіндегі №15,98 құдығының санитарлық қорғау аймағына қызмет ету үшін Қасымжан Тұрсынғалиға жер телімі берілген болатын. Қазіргі таңда онда орналасқан жеке шаруа қожалықтарымен су мәселесі бойынша сот ісі жүріп жатыр. Сот шешімі шыққан соң ғана нақты жауап беріп, шара қолданамыз.

Тұрғындар ең болмаса, екі қолға бір күрек сұрап отыр. Оларды жұмыспен қамтуды қарастырып жатырсыздар ма? 

Талант АХМЕТОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҰЙҒЫР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Әрбір сол демалыс орындарында, жылыжайларда жұмыс орындары бар. Жұмыс істеймін деген адамға жұмыс табылады.

Рахмет, бізбен тікелей байланыста болған Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Талант Ахметов. Көрерменіміз өзін толғандырған сауалға жауап алды деген ойдамыз. Егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауап іздейміз. Сонымен қатар, "Астана" телеарнасы көрермендерге репортер болу мүмкіндігін ұсынады. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдаңыз.