Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Халықаралық валюта қоры қиындыққа тап болуы мүмкін ірі тоғыз банкті атады

AstanaTV
12.10.2017ж. 20:00
3044
Халықаралық валюта қоры қиындыққа тап болуы мүмкін ірі тоғыз банкті атады

Жақын арада әлемдегі 9 ірі банк қиын жағдайда қалуы мүмкін. Бұл туралы Халықаралық валюта қоры жаһандық қаржылық тұрақтылық мәселелері туралы баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс. 

Бұл қаржы мекемелері барлығы да әлемдік қаржы нарығындағы белді ойыншылар саналады. Бұл 9 банктің шамамен 17 трлн доллар активі бар. Жағдайы нашарлаған күнде олар болашаққа қажетті капитал жинап үлгірмеуі мүмкін, дейді Халықаралық валюта қоры өкілдері. Мамандардың сөзінше, мұндай келеңсіз құбылыс басқа елдерге де кесірін тигізуі мүмкін. Халықаралық валюта қорының болжамынша, әсіресе еуроаймақтағы мемлекеттер жапа шегеді.

Еркін КАРИН