Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тобыл өңіріндегі 3 аудан мен Арқалық қаласында бруцеллез індеті өршіп тұр

AstanaTV
12.10.2017ж. 20:00
3255
Тобыл өңіріндегі 3 аудан мен Арқалық қаласында бруцеллез індеті өршіп тұр

Қостанай облысында бруцеллез дерті тыйылмай тұр. Тіпті кейбір аудандарда індетке шалдыққан төрт түліктің саны 6 есеге артқан. Тек Жітіқара ауданындағы серіктестіктің бірінде жүзден астам ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталған. Алайда, қожалық иесі  ветеринария қауіпсіздігіне қарамастан, ауру малдарды Маңғыстау облысына тиеп әкеткен. Ережені ескермей, мамандарға дес бермей жүрген шаруа енді әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Жыл басынан бері облыс бойынша 2800 түліктің ауру жұқтырғаны анық  болыпты. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге аз, дейді  ветеринария басқармасының басшысы. Сонымен қатар  24 өңір тұрғыны бруцеллез дертіне шалдыққан. Арқалық қаласы мен тағы бірнеше аудандағы ветеринариялық ахуал көңіл көншітпейді. Мұндағы адамдар малынан айрылмау үшін облыстық зертхана нәтижесімен келіспей, Астана орталықтарына  жүгініп, уақыт созатын көрінеді. Соның салдарынан ауру асқынып, қорадағы төрт түлік түгел пышаққа ілігуде.

Берікжан Қайыпбай, Қостанай облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

Бұл созылмалы індет ғой. Оны 1 жылда, 1,5 жылда бітіріп шықпаймыз. Бізде 3 жылға қойылған стратегиялық мақсаттар бар. Соның аясында осы екі жылды қорытындылаған кезде әлі 4 ауданда проблема бар екені белгілі болды. Сол 4 ауданға биылғы жылдың аяғына дейін не істеу керек? Біз  кешенді жоспарды жасатып, келесі жылы не істеу керек дегенді бекіттік. Соның бәрін келесі 2018 жыдың аяғына дейін қадағалап отырамыз.