$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте автобус жүргізушілері мен кондукторлар наразылық білдірді

AstanaTV
20.11.2019ж. 20:00
3236
Шымкентте автобус жүргізушілері мен кондукторлар наразылық білдірді

Шымкентте бүгін автобус жүргізушілері мен кондукторлар жұмысқа шығудан бас тартты. «Shymkent Bus» автопаркінің елуге тарта қызметкері жұмыс берушінің жалақы сұрап барғандарды жаппай жұмыстан шығарып жатқанына наразылықтарын осылай білдірді. Айтуларынша бастапқыда уәде етілген 180 мың теңге бүгінде 60 мың теңгеге қысқарып қалған. Оның өзін уақытында ала алмаймыз дейді.  

Гүлнәр ЖҮНІСОВА, КОНДУКТОР: 

Водительмен азаннан кешке дейін есек болып жұмыс істейміз. 3 мың теңге алсақ та соған риза болып қайтамыз. Ал жылы жерде отырғандар 220 мың, ал екі сағат пол жуатындар 60 мың алады. Біз сол 60 мыңды да ала алмай отырмыз. Түсінсін енді біздің де қадірімізді. Мына әкім не көріп отыр? Әкім әкім ба өзі орнында отырған. Орнында отырғаннан кейін бізге қарамайды ма?

Айгүл СӘЛІМБАЕВА, КОНДУКТОР:  

Таңғы сағат төрттен тұрамыз. Келеміз, бір күні планнан қалса аласың, қалмаса ол да жоқ. Планыңды бір күн тапсырмай көрші жұмысқа қоймайды, шығармайды. Алдына кірсек, қорқытады, үркітеді. Ұнамаса құры, дейді.

Қала ішінде бес бағыт бойынша жолаушы тасымалдайтындар қазан айының еңбекақысын ала алмай жүргендерін жеткізді. Сондықтан күн көру қиындап, тіпті несиелері өсіп, шоттары бұғатталыпты. Олардың сөзінше, автопарк қожайыны өзім білермендікке салынып, айлық сұрағандарды шетінен жұмыстан шығара бастаған. Тіпті салықты аз төлеу үшін кондукторларды да штаттан шығарып тастады дегенді айтты. Ал автопарк директорының өзі мұның бәрі уақытша қиындық деп түсіндірді.  

Елікбай ТОҚБЕРГЕНОВ, « SHYMKENT BUS» АВТОПАРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Январьдан бастап құдай қаласа субсидия беріледі. Бізде расчет біз.. бүгін мәслихат болады, мен сол жаққа барамын. Қазір енді айлық алып шығып келе жатырсыздар ғой. Айлық беріледі. Қашан? -Беріліп жатыр ғой... Сентябрьдікін алдыңдар, октябрьдікі беріледі...

А. Төрекекқызы