Шетелдіктерге Қазақстанның бір
миллиметр де жері сатылмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі
алаңында Ұлттық экономика вице-министрі мәлімдеді.
Жер кодексіне сәйкес, азаматтығы жоқ тұлға ауыл шаруашылығы
жерлерін тек 25 жылға жалға алуға құқылы. Егер шетелдік инвесторға жер сатылып
кеткені анықталса, 3 ай ішінде ол мемлекет меншігіне өтеді немесе қайтадан
жалға алу келісімшарты жасалады. Вице-министр сондай-ақ аукционға қойылатын
жерлер тізіміне шаруалар жалға алып отырған жер телімдері енбейтінін
мәлімдеді.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық
экономика вице-министрі:
Қазір шартқа отырып, 10 жылға
ма, 25, 49 жылға шартқа отырған азаматтардың ешқандай құқығы бұзылмайды. Ертең
сатып аламын десе, 5 жылдан кейін сатып аламын десе, 10-49 жылдан кейін сатып
аламын десе - ол азаматтың өз құқығы. Оны ешкім зорламайды, ешкім жерін тартып
алмайды, ешқандай аукционға шығармайды ол жерді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ