$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Атырауда тұрақтандыру қорындағы картоп мемлекетттік қызметкерлерге мәжбүрлеп сатылуда

AstanaTV
20.04.2016ж. 20:00
2168
Атырауда тұрақтандыру қорындағы картоп мемлекетттік қызметкерлерге мәжбүрлеп сатылуда

Атырауда тұрақтандыру қорындағы картоп мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне мәжбүрлі түрде сатылып жатыр. Жергілікті билік, қоймаға жиналған өнімі өтпеген соң, осындай қадамға барыпты. Алайда бюджет мекеме қызметкерлері бұған қарсы. Билік өкілдері болса, өздеріне шаң жуытпай, көпшілік картопты өз еркімен сатып алып жатыр,- дейді.

Қаладағы мекемелерде қызметкерлер тізімі жасалып, әрқайсысына 10 келі картоптан алу міндеттелген. Келісі 70 теңге. Алайда сауда нүктелерінен таңдағанын алып жеп үйренген көпшілік өткен жылдан қалған картопты сатып алуға қарсы. Бірақ қызметте қысымға ұшыраймыз ба деп, мұны ашық айтуға қорқады.

Әрбір адам өз құқылы. Қай жерден не алу керек болса да. Бірақ басшылар жиналыс жасап, бізге осы картошканы алуға міндеттеді. Наличка ақшаны жинап қойдық. Жұмысшылар жұмыстан шығып кету жөнінен қорқады. Приказға бағынады ғой. Сол себептен ақша жинап күтіп отырмыз қартошканы.

Облыстың тұрақтандыру қоры өткен жылы 4 мың тонна картоп пен көкөніс өнімдерін қоймаға жинаған. Әлі де мың тоннадай өнім бар.

Базаргүл Нәдірқызы, тілші:

Бұл  Агросервис мекемесінің картоп қоймасы. Дәл қазір бұл жерде картоптарды іріктеу жұмыстары жүріп жатыр. Өнімнің көпшілігі шіріп кеткен. Ал ілекерге келетіндері мемлекеттік қызмектерлерге таратылып жатыр.

Тұрақтандыру қоры жұмысын бақылайтын әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Абат Тасымов бұл жағдайдан хабарсыз болып шықты.

Абат Тасымов, «Атырау» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Бюджеттік мекеме қызметкерлерін мәжбүрлеп алдырып жатыр деген ондай ақпарат менде жоқ. Себебі тұрақтандыру қорының бекітілген ережесіне сәйкес, қала және аудан әкімдіктері өздерінен операторлар тағайындайды. Облыстық комиссия бекіткен бағамен картоптарды сатуға шығарады. Жаңағыдай бюджеттік мекемелерден алып жатыр деген ақпарат жоқ. Мен анықтаймын не әңгіме екенін.

Картоптарды мекемелерге бөліп, олардың сатып алып-алмағанын есепке алатын қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы. Әңгімесіне қарағанда, картопты өткізу үшін үйлеріне жеткізіп беруге бар. Күні бойы жұмыстан қолы тимейтін қызметкерлерді арзан өніммен қамтимыз деді.

Қадырғали Тұрғанов, Атырау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

Халыққа қол жетімді бағамен жеткізу бағытында жасалып жатқан іс-шара, ешкімді ешкім бұл жерде мәжбүрлей алмайды, мен алмайымын, мысалға, қажеті жоқ болса, қажеті болғандықтан, кейін өзім де алдым, менің көлік жүргізушім де алды, қуана-қуана алды, ертең тағы алайын деп жатырмыз 56 теңгеден.

Бұдан бұрын Павлодарда тұрақтандыру қорында кортоп пен пияздың өтпей жатқанын айтқан едік. Қыстан қалған өнімді айдың аяғына дейін сатып үлгеру үшін құнын түсірген. Келісі 50 теңгеден 30 теңгеге  арзандапты.

Рамиль Сулейманов, «Заря» шаруа қожалығы жетекшісі:

Күніне 60-65 тонна картоп босатып жатырмыз. Дені оңтүстік өңірлерге Алматы, Шымкент, Таразға саудалануда. Қарқын осылай жалғасса, ай соңына дейін барлық өнімді өткізіп үлгереміз деп отырмыз.

Атыраудағы базарда картоп құны бұл аптада 56 теңгеге түсті. Өткен жылдан қалған өнімді бюджеттік мекеме қызметкерлерінің 70 теңгеден алғысы келмеу себебі де осы. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ