Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

AstanaTV
25.11.2019ж. 20:00
3272
Батыс Қазақстан облысының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Батыс Қазақстан облысына қарасты Кеңсуат елді-мекенінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр. Арнамызға хабарласқан Сақыпжамал Дүйсалиева аудан әкімдігіне қанша шағымдансақ та бұл мәселенің шешілетін түрі жоқ дейді. 7 жыл бұрын "Ақ бұлақ" бағдарламасымен су жүргізілгенімен бұл ауыл елеусіз қалған.  Ал биыл маусым айында "Өңірлерді дамыту 2020" бағдарламасымен әр үйге су құбыры тартылған. Бірақ ауыз су әлі берілмеген. Көрермендеріміз жиырма бірінші ғасырда өмір сүрсек те, ішер суымыз жоқ деп налыды.

Сақыпжамал ДҮЙСАЛИЕВА, АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Биыл "Таза су" деген келген соң соған ақша төлеп, бүкіл тұрғындар осы ауылдың тұрғындары болып осы бір айдың ішінде кіргізіп береміз деген соң, бәріміз ақша төлеп 30 мыңнан берген болатынбыз. Онымен суды биыл да берген жоқ. Суға байланысты мекемелердің бәріне жолықтым. Олардың маған тоқыреті айтқаны биыл су болмайды деді. Келесі жылыайта алмаймын, алты айдан кейін деді. Ол қай уақыт оған дейін әлі екі жыл уақыт бар сияқты. Әкімшіліктің бәріне бардым ешқандай менде тиянақты жауап жоқ.

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Дәл қазір осы мәселеге байланысты Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Ердос Үмітовке хабарластық. Сәлеметсіз бе Ердос Рашидұлы, сіз тікелей эфирдесіз. Айтыңызшы, осынша уақыт бойы ауыл тұрғындары неліктен ауыз сусыз отыр? Мәселе қашан шешілмек?

Ердос ҮМІТОВ, БҚО АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Кеңсауат ауылының су құрылысы жобасы қаржыландыруға байланысты 2 жылға жоспарланған. Жобаның құны 109,9 миллион теңге. Үстіміздегі 2019 жылға 36,6 миллион теңге бөлініп, қазір жұмыстар атқарылуда. Қалған қаржы, келесі 2020 жылға қарастырылған. Жоба 2 жылға өтпелі кезеңге жоспарланған. Құрылыс жұмыстары маусым айында басталды. Қазіргі таңда жер жұмыстары толығымен аяқталып, қаржыландыруына байланысты келесі жылға дейін тоқтатылған. Ендігі кезекте құрылғылар қондыру мен іске қосу жұмыстары қалды. Алдағы жылы пайдалануға беріледі.

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Қазіргі таңда, ауыл халқы жер асты құдығынан су ішіп отырмыз дейді. Ауыз су ішуге жарамды-жарамсыздығын тексердіңіздер ме? Санитарлық талаптарға сай ма?


Ердос ҮМІТОВ, БҚО АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бұл тұрғыда негізінен Кеңсуат ауылында қоғамдық құдықтар жоқ.Тұрғындардың жеке аулаларында қазылған. Жаңағы тексеретін уәкілетті органдар судың сапасына, тек қоғамдық құдықтарға ғана тексеріс жүргізеді. Жеке құдықтарды өтініштерге байланысты тексеру жүргізу қарастырылған. Алайда, Кеңсуат ауылына ауыз су тарту жобалары басталмастан бұрын судың қоры мен сапасына яғни химиялық-бактериологиялық құрамына оң қорытынды шығарылды. Яғни, пайдалануға жарамды дегеннен кейін ғана барып, жобалық сметалық құжаттама жасалынып, құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Зерттелген оң қорытынды бар. Ұңғыма ауылдың ішінде орналасқан. Бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарынан, ауыз судың сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Ал, жалпы тұрғындар нақты қай уақытта ауыз суға қол жеткізе алады? Соны айтып бере аласыз ба?

Ердос ҮМІТОВ, БҚО АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2020 жылдың бірінші тоқсанында.

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Ердос Рашидұлы, Кеңсуат елді-мекені тұрғындарының мәселесін жақын арада шешіп бересіздер деп сенеміз. Біз де бұл мәселені бақылауда ұстаймыз. Сұхбатыңызға рахмет! Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

А. Данияр