Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстанның әр тұрғынына шаққандағы денсаулық сақтау шығындары 83,7 % артады

Қазақстанның әр тұрғынына шаққандағы денсаулық сақтау шығындары 83,7 % артады

Алдағы жылы Қазақстанның әр бір тұрғынының денсаулығына жұмсалатын қаржы шамамен 84 пайызға артады. Яғни науқастар қолжеткізе алмаған қымбат емдерді енді тегін алмақ. Қазірдің өзінде қарағандылықтар арнайы квота мен ұзын сонар кезек күтпей-ақ заманауи қондырғыларда тегін тексерілуде. Бұл  - пилоттық түрде қосылған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жобасының нәтижесі.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жобасы енгізілгелі қарағандылықтар ақылы ем-шаларды тегін қабылдап жатыр. Татьяна қауіпті дерті осы мүмкіндіктің арқасында дер кезінде анықтаған.

Татьяна ГЕРСТ, ОСАКАРОВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Басым ауыра берген соң дәрігерге қаралдым. Ол мені дереу МРТ- ге жіберді, тегін әрі тез тексергендіктен ауру алғашқы сатысында анықталды жақсы болды. Ақылы түрде тексерілуге ақшам жетпес еді.

Қарағандыдан 120 шақырым қашықтағы Осакаров ауданының 700 тұрғыны онкологиялық тексерістен өткен. 14- інен аталған дерттің алғашқы белгілері анықталыпты.

Ольга ТРАВНЕВА, ОСАКАРОВ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Қазір біз мамандарды шетелден, облыс орталықтарынан оқытып жаңа қондырғылармен жабдықталдық. Кәсіби тексеру, кеңестер,  бейімдеу бәрі тегін. Науқастарға берілетін тегін дәрі- дәрмек көлемі де ұлғайды.

Өңірдегі барлық медициналық мекемелер заманауи ақпараттық базаға негізделген  100 % сандық жүйеге көшкен. Медициналық сақтандыру қаладағы емханаларда да жүзеге асты. 4- інші емханаға қарасты отбасылық денсаулық орталығы 20 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Дәрігерлер ауқастарды квотасыз, қымбат тексерулерге жіберіп отыр.

Салтанат ШАЙДАРОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ №4 ЕМХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

250 мың медициналық көмектер көрсетілді. Оның 22 % - і жаңа сақтандыру жүйесі бойынша, егер де орта есеппен ақшамен алсақ ол 300 млн- нан артық. 63 мн- ға емдеу көрсеттік, одан басқа бізде профилактика ұлғайды.

Облыс бойынша соңғы екі айда стационарлық көмек 96, ал қымбат қондырғыларда тексеру 22 пайызға артқан. Жаңа жылдан бастап бұл жобаның игілігін халық тұтастай көретін болады. 

А. Қуаш