Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбеде «West house» кооперативінің салымшылары өздерін алдап соққан басшыны қамауға алуды сұрап отыр

AstanaTV
04.12.2019ж. 20:00
2039
Ақтөбеде  «West house» кооперативінің салымшылары өздерін алдап соққан басшыны қамауға алуды сұрап отыр

Ақтөбеде «West house» кооперативінің салымшылары шу шығарды. Олар алаяқтық бабымен айыпталған ұйым басшысын қамауға алуды талап етіп  отыр. Бұған дейін бұл келіншектің үстінен қылмыстық іс қозғалғанымен, сот жүктілігіне байланысты үй қамағына алған болатын. Ал салымшылар мұны пайдаланып, келіншек жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Тілшіміз Бақыт Рахметова тарқатады.

Осындай плакаттармен бүгін облыстық прокуратура алдына жиналған бұл қауым «West house» кооперативінің салымшылары. Барлығы жарнамасы жер жарған осы мекемеге баспана алу үшін жиған- тергенін берген. Ең ірі салым көлемі 14 миллион теңге. Басында пайызсыз он бес жылға үй береміз деген соң келісімшартқа отырған.

Гүлжан АЛДАБЕРГЕНОВА, ТҰРҒЫН:

«West house»  кооперативіне бір жарым жыл бұрын ақша салғаныма үй алып беремін деп. Жер үй аламын деп салғанмын. Мына Садықова Жадыраны қамауға алуды сұраймыз. Не ақша жоқ. Не үй жоқ. иә офис жоқ жүрміз мысалға міне.

Айдана СҰХАНБЕРЛИЕВА, ТҰРҒЫН:

Қамауға алсын деп сұраймыз. Болмаса біздің ақшамызды қайтарсын. Ол кісі кінәсін мойындап отырған жоқ.

Қазір 70-тен аса салымшы ақшасынан айрылған. Тек Ақтөбенің тұрғындары емес, арасында көршілес Атыраудың тұрғындары да бар. Ұйым басшысы үстінен 31 адам полицияға арызданған. Келтірілген шығын көлемі әзірге 63 миллион теңге. 

Нұрайым ДОСМҰХАНБЕТОВА, ТҰРҒЫН:

Кездескенде тергеуде кездесіп жүрдік. Бұл кісі ешқандай өкініш жоқ, кешірім жоқ. Ақша туралы ештеңе айтпайды. Ол емес, біз алдағандаймыз.

Бұған қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалған. Бірақ күдікті келіншек жүкті болғандықтан сот шешімімен үй қамағына алынған.

Тимур ҚЫДЫРАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ №1 БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:


Іс аяқталды. Іс барысында екі мәрте бұлтартпау шарасын қолдану туралы тергеу органдары шықты. Сот шешімі үй қамағы. Іс қазір бізге түсті айыптау актісімен. Бүгін ол кісі сотқа беріледі. Іс сотқа кетеді. Сотта қаралған кезде өтініш болса, сотқа беруге сіз құқылысыз.


Бүгінгі күні қылмыстық іс сотқа жолданған. Енді салымшылар өз талаптарын қағазға түсіріп, тек сот арқылы ғана шеше алады.

Б. Рахметова