Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Студенттерге арналған жатақханаларға түріктер инвестиция құйғысы келеді

AstanaTV
05.12.2019ж. 20:00
2712
Студенттерге арналған жатақханаларға түріктер инвестиция құйғысы келеді

Түрік инвесторлары студенттерге арналған жатақханалар мен жеке меншік мектептерге инвестиция құюға мүдделі. Бұл туралы ел астанасында Білім және ғылым министрлігі мен инвесторлардың кездесуі барысында белгілі болды. Олар Қазақстанның ірі қалаларында қолға алынған жобаларға қызығушылық танытып отыр.

Студенттерге жатақханадан орын жетіспеушілігі мәселесін шешу, биыл қолға алынды. Ел аумағы бойынша 10 мың орындық жатақхана салынып, пайдалануға берілген. Әлі 80 мың студентке жатақхана қажет. Бұл проблеманы шешуге түрік инвесторлары көмектеспекші.    

Акин СЕЛИМ, AKFEN INFRASTRUCTURA HOLDING ФИРМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз бүгін 2000-3000 орындық жатақхана салу ісі сөйлесіп жатырмыз. Кеше Шымкентке бардық, онда 1500 орындық жатақхана құрылысы жайында сөз болды. Қазақстандағы 4 қалаға :  Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан және Түркістан жатақхана салсақ па деп отырмыз. Біз Қазақстанды таңдауымыз тегін емес. Біріншіден, мәдениетіміз жақын. Екіншіден, басқа мемлекеттерге қарағанда мұнда инвесторларға қолдау бар. 

Білім және ғылым минитрлігінің дерегінше елде мектеп қажеттілігі де өзекті. 200 мың орындық білім ошағы қажет. Бұл мәселе шешімін тапса, 3 ауысыммен оқып жатқан 124 мектеп пен 31 апатты мекеменің жағдайы шешілер еді.

Асқар ИБРАИМОВ, «ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

Кейбір мектептердегі сыныптарда 40 баладан отыр. Ал, заң бойынша 25 баладан аспау керек. Қазір осы мәселе бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Алдын отандық инвесторлармен жұмыс жасаған болатынбыз енді шетелдік инвесторларды тартсақ дейміз.

Бибігүл АСЫЛОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Елімізде мектептер тапшылығы мен студенттерге арналған жатақхана тапшылығы өткір тұр. Қазіргі таңда жеке меншік мектептер саны 60%-ға артқан. Біз әлі 75 мың орындық жатақхана салуымыз керек. Сондықтан біз жеке меншік инвесторларды байқап көрмекпіз.

Студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту жайлы Елбасының үшінші әлеуметтік бастамасында көтерілген еді. Заманауы жатақхана салу ісі осыдан соң қолға алына бастады. Тараптардың кездесуі барысында мемлекеттік тапсырысты орналастыру барысы, жатақхана мен мектеп салу мерзімі мен төлем соммалары талқыланды.

А. Данияр