Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Тәуелсіздік күні қарсаңында 144 атыраулық баспаналы болды

AstanaTV
06.12.2019ж. 20:00
2110
Тәуелсіздік күні қарсаңында 144  атыраулық баспаналы болды

Атырауда тағы да қоныс тойы. Тәуелсіздік күні қарсаңында 144 атыраулық баспаналы болды. Бұл - «Нұрлы жер" бағдарламасы аясында іске асқан. "Береке" шағын ауданындағы қоныс тойы жайлы келесі бейнематериалда.

Қала сыртындағы "Береке" шағын ауданында бүгін ерекше көңіл күй. Бір-бірін құттықтаған халық,  балалардың асыр салған қуанышы. Бұл ауданда көпқабатты 13 үй бой көтерген. Соның екеуі халық игілігіне берілді. Майра Күнбаева да баласының жаңа қонысына шашу шашты.

Майра КҮНБАЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Балам үйлі болып жатырмыз. Жас отау, жас семья. Ішкі істер қызметкері. 5 жыл дегенде өзі  ақшасын салып тұрғын үй жинақ банкіне, осындай дәрежеге жетіп жатыр. Бүгінгі күні қолымызға кілт тиіп, қуаныштың үстінде тұрмыз.

Айтуынша бұған дейін де екі баласы дәл осылай баспаналы болған. Ал, осы күнге дейін үй жалдап көшіп-қонып жүрген Қуаныш Кеңесовта жаңа баспананың кілтіне ие болды.

Қуаныш КЕҢЕСОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Қалада тұратын үйіміз жоқ болатын. Енді Алланың қалауымен осындай Жинақ Банкке ақша салып, осындай үйге  қол жеткізіп жатырмыз. Көңіл күй өте керемет! Бұйырса енді ішін семьяға толтыру керек.

Атыраулықтар "Нұрлы жер" бағдарламасының шапағатын көруде. Бағдарлама 50/50 қағидаты бойынша бөлінеді, яғни пәтерлердің 50 пайызы тұрғын үй кезегінде тұрғандарға, қалғаны банк  салымшыларына берілуде. Тағы бір тиімді тұсы тұрғын үйдің бір шаршы метрі нарақтағы бағадан екі есе төмен.
 
Нұрбол ҚҰРМАН, « ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Бұған қол жеткізу үшін Тұрғын үй жинақ банкінде депозит ашып, соған 20 пайызын жинап, конкурсқа қатысып, төлем қабілетін дәлелдеп, үйлер алуға болады.

Ринат ЖАҢҒЛЫШОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Жалпы өздеріңізге мәлім жылдан жылға құрылыс  қарқынды  жүріп жатыр. Бүгінгі таңда Нұрсая, Береке, Талғайран шағын аудандарында құрылыс жүріп жатыр. Сондықтан  тұрғындарымызды қоныс тойымен құттықтаймыз.

Жақын күндері тағы екі тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Демек, тағы 144 отбасы  пәтерлі болмақ.

Б. Надирқызы