Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"ЗИКСТО" зауыты 2 мыңнан астам өнім шығарды

AstanaTV
10.12.2019ж. 20:00
3966
"ЗИКСТО" зауыты 2 мыңнан астам өнім шығарды

Қазақстандағы жалғыз жүк тасымалдаушы вагон құрастыратын зауыттың жұмысы қайта жанданды. Батыс Қытай мен Еуропа бағыттары бойынша жүк тасымалын қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыссыз қалмауына "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы көмектесіпті. Олар Қытай шекарасы мен Брестаға қарай жүретін жаңа  платформаларды жасау бойынша зауытпен жаңа лизингтік мәмілеге келген. Бұл үшін Қазақстанның Даму Банкі 17 млрд теңгеден астам қаржы бөліпті.

«ЗИКСТО» зауыты 1000-нан аса жүк тасымалдаушы вагондарын құрастыру үшін осыдан 3 жыл бұрын "Вагон Строй Менеджмент" компаниясынан тапсырыс алған. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында "ҚДБ-Лизинг" арқылы 17,5 млрд тенге несие берілді. Несие Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының қаражатының қатысуымен берілді.

Ринат ШАМСУТДИНОВ, «ЗИКСТО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біз келісім-шартқа 2016 жылы қол қойғанбыз. 2018 жылдың күзінде барлық жоспарды орындадық. Зауыттан 25 метрлік 1 108 жүк тасымалдаушы вагондары шығарылып, пайдалануға берілді.

Ринат ГАППАРОВ, «ҚДБ-ЛИЗИНГ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қаржы лизингі туралы заңға сәйкес, лизинг шарты толығымен орындалғанға дейін біздің меншікте болады. 2018 жылы зауыттан шыққан барлық контейнерлер "Вагон строй Менеджмент" ЖШС-не тапсырылған. Компания бұл несие бойынша ҚДБ-Лизингке 9 млрд теңгеден астам сыйақы мен 2 млрд.750 млн теңге негізгі қарызды өтеді. Бүгінгі күні олар барлық міндеттерін уақытында орындап отыр.

«ЗИКСТО» елдегі жалғыз вагон құрастырушы кәсіпорын. Зауыттың жұмысы былтырғы жылы уақытша тоқтап қалды. Себебі, ол кезде нарықта болат өнімдері мен шикізаттың бағасы қымбаттап, вагон өндіруге қажетті материалдардың да құны өсті. Вагондарды жеткізу қиындады. Алайда, бүгінгі күні мұндағы бар түйіткіл өз шешімін тапқан. Жүздеген солтүстікқазақстандық бұрынғы қалыпта жұмыс істеп отыр. Мұндағы тұрғындардың жұмыссыз қалмауына кәсіпорын мен «ҚДБ-Лизингі" арасындағы жаңа шарт көмектесіпті.

Ринат ГАППАРОВ, «ҚДБ-ЛИЗИНГ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«ЗИКСТО» - жаңадан жасалған лизингтік мәміле бойынша лизинг тапсырмаларын жеткізуші болып келеді. Бұған қатысты тиісті жоспар әзірленді. Ол үшін мемлекет пен "ҚДБ -Лизинг" тарапынан ешқандай қосымша қаражат бөлінбейді.

Қазіргі уақытта кәсіпорында өндіріс жаңартылып, 30 жүк тасымалдайтын жаңа вагон шығарылып, «ҚДБ- Лизингке" жеткізіліп жатыр.

А. Мүтәлі