Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Атырауда "Мансап" мемлекеттік қызмет мектебі ашылмақ

AstanaTV
10.12.2019ж. 20:00
1711
Атырауда "Мансап" мемлекеттік қызмет мектебі ашылмақ

Атырауда келер жылдан бастап студенттерге арналған «Мансап» мемлекеттік қызмет мектебі ашылмақ. Жастар арасындағы мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, кадр қорын қалыптастыруды көздейтін жобаны аймақтағы мемлекеттік қызмет істер департаменті қолға алды.

Мемлекеттік қызмет мектебіне жоғары оқу орнының 4інші курсынан 30 студент таңдап алынады. Олар алдымен мемлекеттік қызметке орналасуға байланысты заңдардан тект тапсырып, арнайы комиссиядан өтуі тиіс. Іріктелген 30 студентке өңірдегі мемлекеттік органның бірінші басшылары семинар, тренингтер өткізеді. Кейін студенттер өздері қалаған мемлекеттік органға тағылымдамаға барады.

Расул МЕДЕТОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
 
Біріншіден, жастарға жұмыс табуға мүмкіндік береді. Жұмыс берушіге жақсы сапалы маман табуға мүмкіндік береді. Яғни екі жаққа да біз площадка тауып беріп жатырмыз. Өйткені бүгінгі таңда проблема неде? Жастар «жұмыс жоқ, жұмыс таба алмаймыз»,- деп жүреді. Мемлкеттік орган басшылары «бізде жұмыс жасайтын адам жоқ, жұмыс істейтін жас маман жоқ»,- деп жүреді. Екеуі бір-бірін таба алмай жүреді.


Кадр тапшылығын азайту, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін жоғарылату, әлеуметтік қорғалуын арттыру қараша айында президент қол қойған «Мемлекеттік қызмет істері» туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырылуда айқын көрсетілген. Қазір заңдағы жаңалықтар мемлекеттік орган қызметкерлеріне жан-жақты түсіндіріліп жатыр. Айта кетейік, аймақта үш мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Олар біліктіліктерін жетілдіріп тұрады. 

ЖАННАТ НҰРТІЛЕУОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ:

Биылғы жылы заңның өзгерістеріне байланысты. Мемлекеттік сатып алу заңына байланысты 2019 шы жылғы өзгерістерге байланысты біздің бағдарламалар да жаңартылып, оқытушы профессорлар құрамындағы талдау да жаңартылып, сабақтар жүргізілуде.


Мемлекеттік қызмет туралы заңдағы өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызметшіге ұмтылғандар үшін конкурстық рәсімдер жетілдірілген. Мәселен, бұрын әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс орналасу құқы тек судьялар, депутаттар мен саяси, халықаралық қызметшілерде болса, енді PHD мамандығы барлар да конкурссыз мемлекеттік қызметке орналаса алады.

Б. Надирқызы