Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мәжілістегі "Нұр Отан" фракциясы жиынында еліміздегі басты қаржы құжаты туралы заң жобасы қаралды

AstanaTV
12.10.2017ж. 20:00
2393
Мәжілістегі "Нұр Отан" фракциясы жиынында еліміздегі басты қаржы құжаты туралы заң жобасы қаралды

Үш жылдық бюджет жобасы. Мәжілістегі "Нұр Отан" фракциясының кеңейтілген жиынында еліміздегі басты қаржы құжаты туралы заң қаралды. Парламент пен Үкіметтің өкілеттігін кеңейту бойынша конституциялық реформа өткені белгілі. Осы жаңашылдықтың аясында фракция мүшелері алғаш рет 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобаларын талқылауға алды.

Жылдағы дәстүрмен әлеуметтік бағытқа басымдық берілетіні айтылды. Яғни келесі жылы бұл саланы қаржыландыруға бюджеттің шығыс көлемінің 44,5 пайызы жұмсалады деген жоспар бар. Жалпы заң жобасына 115 түзету енгізілген. Депутаттар ауыз сумен қамту, білім мен денсаулық сақтау саласына қаралатын қаражат көлемін өсіру қажеттігіне тоқталды. Бұл ұсыныстар халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясы жетекшісі:

«Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының түпкілікті мақсаты - ел азаматтарының әлеуметтік игілігі, халықтың әл ауқатын жақсарту. Сайлауалды бағдарламаның негізгі міндеттерінің орындалуы оның қаржылық қамтамасыз етілуі фракцияның әрдайым назарында. Депутаттар тарапынан келесі үш жылдық бюджеттің жобасына да бірқатар ұсыныстар енгізілді.