$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Еңбек адамдары мемлекеттік наградамен марапаттады

AstanaTV
12.12.2019ж. 20:00
3100
Еңбек адамдары мемлекеттік наградамен марапаттады

1-ші қаңтардан бюджет қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл туралы бүгін Ақордада әр салада елеулі еңбек еткен азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президент 40-қа жуық азаматтың кеудесіне мемлекеттік орден тақты. Олардың басым көпшілігі қарпайым шаруа адамдары. Әлихан Асқарұлы жалғастырады.

Жалт-жұлт еткен мемлекеттік наградалар, көздің жауын алады. Бұл  - Тәуелсіз елдің дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегінің ақтауы.
 
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

28 жыл ішінде ішкі жалпы өнім абсалютті өлшемде 16 есеге өсіп, 180 млрд. доллар болды. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап келеді. Бізге шетелден 330 млдр. инвестиция тартылды. Осының бәрі ең алдымен халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. 


Мемлекет басшысы егемен елдің жетістіктерін баяндай келе, келер жылғы жоспарларға тоқталды. 2020 жылы «Бақытты отбасы» бағадарламасы бойынша кезекте тұрған азаматтарға қосымша квота бөлінеді. Бұдан өзге жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау шаралары да қарастырылған.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Президенттік жас кадрлық резерві жасақталып жатыр. Оған мемелекеттік салада қызмет еткісі келетін азаматтар қатыса алады. Кәсіби білімі жоғары жастарды басшылық қызметтерге орналастыруды жоспарлап отырмыз. Олар ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жолында жұмыс атқаратын болады.


Бүгінгі жетістігіміз - елге қызмет еткен әр азаматтың еңбегі. Мәртебелі марапат, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мәдениет саласына қосқан үлесі үшін Роза Рымбаеваға және кен өндірісінің үздігі Тұрсынбек Мәкішевке берілді.

Роза РЫМБАЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ:

Еңбек адамын бағалау деген сөз - ол адамнан айналасындағы, коллективі, ұжымы, ауылдастары, қызметтестері үлгі алады. 

Ауылдастары мақтан тұтатын азаматың бірі - Есет Өтесов. Ол Маңғыстау облысындағы шаруашылықтардың бірінде бас шопан. Шопан Президент қолынан «Еңбек Даңқы» орденін алды. 

Есет ӨТЕСОВ, ШОПАН:

Осы 5-6 күн бұрын естідім. Олайған жоқпын. Қиындығы көп қой мал шаруашылығының.

Салатанатты шарада қуаныштан қобалжығандар да болды.

Бүгін "Қазақстанның Еңбек Ері», «Отан», «Барыс», «Парасат» және «Достық» ордендерімен бас-аяғы 40-қа жуық азамат марпатталды.

Ә. Асқарұлы