Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев азаматтарды қабылдады

AstanaTV
18.12.2019ж. 20:00
2065
ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев азаматтарды қабылдады

Алимент мәселесі қоғамдағы өзекті проблемалардың көшінен түспей тұр.  Бүгін  "Nur Otan" партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында Әділет министрі Марат Бекетаевпен кездесуге келгендерді мазалаған сұрақ осы. Шымкент қаласының тұрғыны Феруза Хамракулова, бұрынғы күйеуінің алиментке қарызы 1 миллион 800 мыңнан асқанын айтты. Айына тиісті қаражаттың тек 30-40 пайызын ғана береді деді. Науқас баланы қарап отырған ана, жеке сот орындаушысына да шағымданды. Бірақ министр: сот орындаушысы жұмысы жоқ адамға еш амал қолдана алмайтынын" ескертті.

- Жалақысы болмаса енді біз ештеңе істей алмаймыз.
- Ештеңе істей алмасаңыздар мен не істеймін? Балаларым қиналып жүр. Мен не істеймін. Осы мәселе бойынша мен Балаеваның алдына кіргенмін.
- Еңбек министрлігіне жүгініп, өз жағдайыңызды түсіндіру. Бірнеше төлемдер қарастырылған. Оларға баруыңыз керек.


Ә. Өмірзақ