$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов өз-өзіне қол жұмсаған - СІМ

AstanaTV
18.12.2019ж. 20:00
2305
Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов өз-өзіне қол жұмсаған - СІМ

Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.  Айтуынша, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазір Мысырда осы жағдайға байланысты сот сараптамалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрліктің ресми өкілі, марқұмның денесі елге қайтарылған соң тағы да тексерістен өтетінін жеткізді.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Оны тапқан кезде оның мойны жіппен оралып, баспалдақтың таянышына асылып тұрған. Алғашқы сыртқы тексеру кезінде денеде қандай да зақым, көгерулер мен зақымдар болған жоқ. Қолдарымен аяқтары байланбаған. Оны оқиға орнында жасалған фото және видео материалдар дәлелдейді. Әрине, тергеу мүдделеріне байланысты бұл материалдар қазір жарияланбайды. Сондай-ақ марқұмның аяғы бос екенін бірінші тапқан Еламанның жұбайы да дәлелдейді.
     
Марқұмның туыстары болса, Еламанның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес деп отыр. Олардың паыймынша, біреу қастандық жасаған.

Нәзипа ӨСЕРБАЕВА,  МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Кешір мен жолда келе жатырмын кешігіп деп звондаған. Содан кейін звонок болмаған. Жұмысына барайын деп шығып жатқан кезде подъезде баспалдақтың ең соңғы жерінде шалбарының арқа жағы сүйретілген шаң дейді. Сосын басында қан болды дейді. Біз толыққанды ондай мәлімет бойынша өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес. Біз оған 100 пайыз сенімдіміз.

Еске сала кетсем, елшілік қызметкерінің денесі 13 желтоқсан күні таңғы уақытта өз үйінің алдынан табылған болатын. Мойнында жіп болған. Айта кетейік, 40 жастағы Еламан Жолдасовтың артында кәмілет жасына толмаған екі баласы және жүкті әйелі қалды.

А. Данияр