$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Орал мектептеріндегі есепшілер жаппай қысқартуға іліккен

AstanaTV
19.12.2019ж. 20:00
3694
Орал мектептеріндегі есепшілер жаппай қысқартуға іліккен

Оралдағы орта мектептердің жүздеген есепшісі жаппай қысқартылмақ. Бұл аздай, білім ошақтарының шаруашылық меңгерушілері мен сантехник секілді техникалық қызметкерлері де азайтылады. Шенеуніктерден ауызша ескерту алған олар, "төбеден жай түскендей" күй кешкен.

Жаппай қысқартуға қала мектептеріндегі 140 есепші іліккен. Солардың арасында мектеп-лицейлерінің де бухалтерлері де бар.

Нұржамал ІЗҒАЛИЕВА, №38-МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ЕСЕПШІСІ:

Барлығымызды жұмыспен қамтамасыз етпейді. Анда штатқа бухгалтерлерден 50 кісі алады деді. Ол категорияда мысалы тек кішкентай балалары бар, пенсияға екі жылы қалған. Сосын аяғы ауырлар. Оған біз кірмейміз. Ол категорияға біз кірмейміз. Оған көп кісі кірмейді.

Гүлбаршын ҚАДЕРОВА, №30 МЕКТЕПТІҢ ЕСЕПШІСІ:

Сантехник, электрик дегендерді мобильный қылады. Біреу заявка жасайды. Жүгіріп барып ана мектепке барып істеп келеді. Тағы заявка жасйды, ана мектепке барады. Біздің бір түсінбейтініміз, егер бір трубадан су кетті. Заявка беріп, ана техник келіп, ананы оңдағанша көлде отыруы керек пе бала-шаға? Әлде замыкать етті, ол келгенше мүмкін өртеніп кететін шығар? Ол жағдайда қалай болады?

Есепшілер жұртты дүрліктірген қысқартуға мектеп директорының орынбасарлары мен хатшысы, тіпті іс қағаздарын жүргізушілер неге ілікпегенін түсінбей дал. Мәселеге қала әкімінің орынбасары араласты. Ол ешкім жұмыссыз қалмайды деп сендірді.

Бақытжан НАРЫМБЕТОВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бухгалтерлердің жалақысы кішкене өзгеруі мүмкін. Өйткені бұған дейін кейбіреулері 1-1,5 айлық көрсеткішпен алды. Өзгерістер болуы мүмкін, бірақ жиі берілетін премиялар бар, жұмысының көлеміне байланысты премиялар көрсетілген.


Ақпан айына дейін қала әкімдігі жанынан «Білім сервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылмақ. Қысқарған есепшілердің жартысына жуығы сонда орналастыру жоспарланып отыр. Яғни мектептердің есеп-қисабы мен өзге де құжаты бір жерден жүргізіліп, орталықтандырылмақ.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

 
Осы бастама арқылы әкімдік 200 миллион теңгені үнемдемекші. Ал үнемделген қаржыны әлеуметтік салаға жұмсау көзделіпті.

Е. Карин