Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Көгілдір отын мен суға жете алмаған ауыл

AstanaTV
19.12.2019ж. 20:00
3638
Көгілдір отын мен суға жете алмаған ауыл

Алматының іргесіндегі Қаратөбе ауылының жұрты отыз жылдан бері ауыз судың азабын тартып келеді. Одан қалды жол мен көлдір отынның да зардабы тағы бар. Ауылдың тұрғындары аталған мәселені көтеріп бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Аршын Кемелжан тақырыпты тарқатады.
 
Бұл мегаполистен небары 15 шақырым қашықтықта жатқан Қаратөбе ауылының жылдар бойы айтылып келе жатқан жанайқайы. Айтуларынша аудан, облыс әкімдеріне арыз жазған. Шыдамдары таусылған жұрт бүгін тағы жиналды. 

Есболат КЕНЕСАРИЕВ, ҚАРАТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

2018 жылы біз облыс әкімі Баталов мырзаға хат жаздық. Ол жерде жауап келген. 43 миллион 500 мың теңге сіздердің газыңыздың бағасы болады. Ондай ақша үкімет бөлмейді. Бұл жеке компаниясының құзырында, деп жауап келді.

Ауылда жолдың да күйі мәз емес. Бала да, ересекте қосымша аяқ киім өзімен алып жүруге мәжбүр. 300-ден астам отбасы бар бұл ауылға тартылғаны бір ған құдық. Оның өзін қыста қатып, жазда тартылап мезі еткен.
 
Нұржамал ТӨЛЕПҚЫЗЫ, ҚАРАТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Ауылдың арасында кәдімгі лай жолдар. Күн суытса лай, батпақ кешіп жүреміз. Жазда топырақ кешіп жүреміз. Мынау тұрған суымыздың түрі осы. Бүкіл ауылға 300 отбасына бір колонка. Ол жазда тартылып қалады. Одан кейін 3 шақырым жерде артизан болатын. Оны да қазір жауып тастады.


Бас ауырып балтыр сыздаса баратын амбулатория да бұл ауылда атымен жоқ. Денсаулығы сыр берген жұрт аудан орталығына баруға мәжбүр. Ал, газ құбыры Қаратөбені айнылып өткен. Өркениеттен ада ауылға жауапты Елтай ауылдық округінде тіпті әкім де болмай шықты.
 
Дегенмен сауалдарымызға бас маман жауап берді.  

Азамат ЖИЕНБАЕВ, ЕЛТАЙ АУЫЛДЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Сұраныс бергем. Автокөлік жолдарын жасауға, жол жөндеу жұмыстарын жүргізгенге, соған қалай қаражат бөлінеді, жолдар жасалынады. Су мәселесі бойынша қазіргі таңда су ұңғымасына жоба жасалып жатыр. Жасалып болған соң, ақшаға сұраныс береміз. Газ басшыларымен сөйлескенбіз, келесі жылдан бастап осы Қаратөбе ауылына газ өткізетін болады. Ең бірінші мектепке өткізеді.

Қалай болғанда да "келесі жылдың" да ауылы алыс емес. Бірақ қаратөбеліктер бұл уәдеге сенуден қалған. Өйткені, мұндай уәде 10 жылдан бері қайталанып келеді деді.
 
А. Кемелжан