Пиротехникалық тауарлар қатерлі ісік және қалқанша безі ауруларын қоздырады. Елордалық дәрігерлер осылай деді. Олар мерекелік заңсыз тауарлардың зиянын жіпке тізді. Елде рейдтік тексерулер басталып кетті. Біздің түсіру тобымыз да сауда орындарын аралап, заңсыз сауда қалай жүріп жатқанын анықтап көрді.
Жаңа жыл жақындаған сәттен бастап, түрлі пиротехникалық тауарлар мен отшашулардың саудасы қызатыны белгілі. Полицейлер жағдайды бақылауға алған. Құзырлы мекеменің дерегінше қазіргі таңда 6 фирманың ғана аталған тауарларды сатуға лицензиясы бар. Бүгін олар тұрғындарды келеңсіз жағдайдың алдын алуға шақырды.
Бауыржан СЫЗДЫҚОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ:
Азаматтарымызға айтатын нәрсе кішкентай балаларды сол от шашулармен немесе безендіру заттарымен өздерін қалдырып кетпесеңіздер. Оны қолданған кезде міндетті түрде ересек адардар болуы қажет. Сосын өрт қауіпсіздік талабына сәйкес үйлерден 50 метр жерде отшашуларды қолдануға болмайды. Ал, үйлердің інішде ғимараттардың ішінде мүлдем қолдануға болмайды.
Мерекелік отшашулар, жарылғыш заттар адам денсаулығына да кері әсер етеді. Ережеге сай пайдаланбаса қатерлі ісік пен қалқанша безі ауруларын қоздыруы мүмкін. Осылай деген дәрігерлер жарылғыш заттардың қауіптілігін айтып дабыл қағуда.
Желеухан ПІРІМҚҰЛОВ, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ СТАЦИОНАРЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Жанған кезде жарылған кезде ол шаң түрінде, қоқыс түрінде болмаса түтін қоспа түрінде біздің денемізге сіңеді. Ол енді біз демалған кезде, тыныс алатын өкпе жолдары зақымданады. Асқазан жаққа кетеді. Денеге тиген кезде теріні қышытады. Көп заттар тисе күйдіреді.
Айта кетейік, пиротехникалық тауарларды заңсыз сатқандарға әкімшілік жаза қолданылады. Яғни 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Еске салайын төтенше жағдай департаменті өткен жылы 131 сатушының жолын кесіп, 2500 дана жарылғыш заттың көзін жойған болатын.
А. Данияр