$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыны көгалдандыру мақсатында 1001 көшет отырғызылды

AstanaTV
10.10.2017ж. 20:00
5245
Алматыны көгалдандыру мақсатында 1001 көшет отырғызылды

Алматы қаласы 1001 түп  жасыл көшетпен толықты. Жас талдарды отырғызу шарасы «Ару Алматыға - 1001 түп жасыл желек» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Әр ауданға эстафета түрінде жалғасқан көгалдандыру жұмыстары «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қалалық партия филиалының қолдауымен жүзеге асты.

Алдымен сенбілік «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы алдында басталды. Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы да көшет отырғызу, қала көшелерін тазалау жұмыстарына белсене атсалысты. Жалпы, шараға саяси кеңес мүшелері, «Нұр Отан» партиясының қалалық және аудандық филиалдары қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері мен қала тұрғындары, мәслихат депутаттары қатысты. Жыл басынан бері 1 300 қылқан жапарықты және 9 900 жапырақты 11 200 көшет отырғызылған. Сонымен қатар жалпы көлемі 11 000 шаршы метрге гүлзар орнатылып, 1 270 алаңға гүлдер өсіріліпті. Тағы жыл аяғына дейін 16 000 қылқан жапырақты және басқа да көшет түрлерін отырғызу жоспарланып отыр.

Фарида Мерхамитқызы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі:

Бұл 1001 түппен ғана шектелмейді. Бүкіл қаланы өзі де жасыл қала, ары қарай көріктендіріп, келешек ұрпақтарымыз осындай жасыл қаламен мақтанып, жасыл қалада өмір сүретін жағдай болсын. Бәріміз атсалысып, осы қаланы жасылдандыра берейік.