Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мұнай өңдеу саласында нақты жоспардың болмауы жанармай тапшылығына соқтырды - А.Қоңыров

AstanaTV
11.10.2017ж. 20:00
1963
Мұнай өңдеу саласында нақты жоспардың болмауы жанармай тапшылығына соқтырды - А.Қоңыров

Мұнай өңдеу саласында нақты жоспардың болмауы ақыр-аяғы тапшылықа соқтырды. Қазақстанда 4-ші мұнай өңдеу зауытын салуға тоқтау қойған кім? Коммунистер Үкімет басшысына осылай деп сауал жолдады. Қоңыровтың айтуынша, жанармай дағдарысы әлеуметік маңызды азық-түлік пен қызмет түрлерінің қымбаттауына әкелді. Депутатт соңғы екі жыл бойынша жанар-жағармай, көмір, газ бойынша тұтынушылар құқығын қорғау органдарының тексеріс нәтижесін сұратты. Бөлшек, көтерме саудада бағаның қолдан жасалуы мүмкін деген күдік бар. Сондай-ақ, 4-ші мұнай өңдеу зауытын салудан бас тарту қате шешім дейді. 2017 жылы ішкі нарықты отандық жанармаймен толық қамтимыз деп сендірген үкіметтің жұмысына күмән келтірді.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халықтық коммунистер» фракциясының мүшесі:

2014 жылы Президент жаңа МӨЗ салуды тапсырды. Соған қарамастан, Үкімет оны салудан бас тартып, қалған үш зауытты жаңғыртамыз деді. Тұрғындардың ойында мынадай сұрақ туындайды: мұнай жағдайға жеткізген үкімет не үшін керек?