$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 99 пайыз дайын -, Б.САПАРБАЕВ.

AstanaTV
24.12.2019ж. 20:00
1893
Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 99 пайыз дайын -, Б.САПАРБАЕВ.

Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 99 пайыз дайын. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бердібек Сапарбаев бүгін «Қазақстандық медицинаның трансформациясы" республикалық форумында осылай деді. 1-қаңтардан бастап іске қосылатын жаңа жүйе биыл Қарағанды облысында сыналды. Пилоттық жобаның нәтижесі көңіл көншітеді. Бір адамға жұмсалатын шығын 2,5 есеге артыпты. Шенеунік қорды қаржыландыру мәселесіне ел тұрғындарын бас қатырмаса болады деп сендірді. Денсаулық сақтау жүйесі үшін ел қазынасынан 1,5 трлн теңге бөліну жоспарланған. Оны әлі 2 есеге көбейту көзделіп отыр.

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз Қазақстанның барлық өңірлерін аралап, ел азаматтарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды тезірек енгізу үшін не істеу керектігін түсіндірдік. 99% дайындық бар. Мемлекет есебінен Қазақстан азаматтарының 15 санатына тегін қызмет көрсетілетін болады. Бұл елдегі 10 млн адам. Қалған 8 млн халыққа -жұмыс берушілер немесе азаматтардың өз қаражаты есебінен төленеді.


Келесі жылдан бастап жиі пайдаланатын, жоғары сұранысқа ие медициналық қызметтер енді қолжетімді болмақ. Әсіресе, компьютерлік томография қызметін тегін қолдануға болады. Тек ол үшін ай сайын төлем жасалып тұруы керек. Яғни, әрбір азамат өзінің жалақысының 1%-ын осы қорға аударуға міндетті. Ал зейнеткер, мүгедек, жетім, әскери қызметкер, студент және 18 жасқа толмаған балалар санатына жатататындар жарнасыз тегін қызметтерге жүгіне алады.

А. Мүтәлі