Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент атанғалы халықтан 15 мыңнан астам түрлі өтініш түскен

AstanaTV
24.12.2019ж. 20:00
2007
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент атанғалы халықтан 15 мыңнан астам түрлі өтініш түскен

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент атанғалы халықтан 15 мыңнан астам түрлі өтініш келіп түскен. Оның үштен бірі вертуалды түрде. Бұл туралы бүгін Ақордада мемлекет басшысының 9 айлық қызметін қорытындылаған баспасөз хатшысы Берик Уәли мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Президент әкімшілігінде ашылған өтініштерді қабылдау бөлімінде оның барлығына тиісті жауап берілді. Сондай-ақ Ақорда қожайынының атқарған жұмысын халыққа жеткізген БАҚ өкілдері алғыс хатпен марапатталды. Журналистерден бөлек қоғам белсенділері мен блогерлер де Президент атындағы алғыс хатқа ие болды. Ал Астана арнасының телеоператоры, болған оқиғаны сөзбен емес суретпен жеткізуші Тимур Еркетаев өз ісінің үздігі болып танылды.

Ә. Өмірзақ