Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жүрдек пойызда әйел зорлаған жолсеріктер 5 жылға сотталды

AstanaTV
25.12.2019ж. 20:00
2991
Жүрдек пойызда әйел зорлаған жолсеріктер 5 жылға сотталды

Қостанай соты қоғамдық резонанс туғызған қылмыстық іске қатысты үкім шығарды. Сот «Тұлпар-Тальго» пойызында әйел зорлады деп айыпталған қос жолсерікті жазаға кесті. Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов 5 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Сот үкіміне сотталушылардың туған-туысы наразылық білдіріп, шу шығарды. Атышулы істің анық-қанығын Заңғар Санай баяндайды.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Елді дүрліктірген екі жолсеріктің ісін Қостанай қаласының нөмірі екінші соты алғаш рет жарты жыл бұрын қарастырған. Сол тұста Үмбетәлиев пен Құрманиязов екі жарым және екі жыл үш ай мерзімге жазаға кесілді. Алайда сот шешімі қоғамда үлкен резонанс тудырып, қалың жұрт сотталушыларға кесілген үкіммен келіспейтінін білдірген еді.

Тамыз айында жәбірленуші тараптың апелляциялық шағымы қанағаттандырылып, әуелгі үкімнің күші жойылды. Көлік прокуратурасына қайта тергеуге қайтарылған қылмыстық іс қалалық сот қарауына қазан айында түскен. Судья Жасұлан Достияров жүрісінен жаңылған жолсеріктерге 5 жыл жаза кесті.

Жасұлан ДОСТИЯРОВ,ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:


ҚР ҚК 120 бабы 2 бөлігі 1тармағымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәл деп танылыпп,  оған осы бап бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленсін.

Тергеу барысында сотталушылар жәбірленушімен жақын қатынаста болғанын мойындаған. Және дауламаған. Бірақ жолаушы әйел өз еркімен ырыққа көнді деп жауап берген. Сот оны жоққа шығарды.

Жасұлан ДОСТИЯРОВ,ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:


Алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған зорлау. Яғни жәбірленушіге күш қолданып, жыныстық қатынас жасағаны үшін кнәлі деп танылды. Олардың кінәсі сот тергеуінде зерттелген, дәлелдемелермен расталды. Атап айтқанда сот бойынша бірнеше сараптама болған тергеу кезінде.

Үкімге Үмбетәлиев пен Құрманиязовтың ата-анасы,туған -туысы  наразылық  білдіріп, шу шығарды.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Сот отыз жастағы Жетес Үмбетәлиевтің екі баласы барын, Қолқанат Құрманиязовтың бұрын сотты болмағанын ескере отырып, 5 жыл жаза тағайындалғанын айтты. Ал олардың ата-анасы мен жақындары апелляциялық шағым түсірмек. Әділдік жолында жоғарғы сотқа дейін жетеміз деп отыр.

З. Санай