Негізгі / Жаңалықтар / Жыл басынан бастап бірқатар медициналық қызметтер халыққа қолжетімді болады

Жыл басынан бастап бірқатар медициналық қызметтер халыққа қолжетімді болады

Бір жарым миллион алматылық Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен танысқан. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен болған жиында медицина қызметкерлері айтты. Олар жаңа жүйенің тиімді тұстарын тізіп шықты. Жаңа жылдан бастап азаматтар жаңа жүйе аясында қажетті дәрі-дәрмектерді тегін ала алады. Тіпті созылмалы аурулардың диагностикасы да тегін жасалмақ. Сарапшылар бұл жаңашылдық билікке де, бұқараға да тиімді деген пікірде. Тұрғындарды жаңа жүйеге енгізу ағымдағы жылдың сәуір айына дейін болады.

Фарида АҒЫБАЕВА, АЛМАТЫДАҒЫ № 8 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Сақтандырылу енгізілгеннен кейін барлық медициналық мекемелерде скриниттік бағдарламалар жүргізілу жалғасын табады. Ол атап айтқанда, омырау безінің обырауы. Жатыр мойнының обырының профилактикалық стринигтен өткізілуі.

Сондай-ақ, Павлодар облысы халқының тең жартысына міндетті медициналық сақтандыру мемлекет есебінен төленеді. Бұл "Nur Otan" партиясының облыстық филиалында белгілі болды. Медициналық сақтандыру қорының өңірлік филиалның дерегінше аймақта тұрғындардың әлжуаз 15 санатына жататын 390 мыңнан астам халық бар. Ол өңір тұрғындарының 51,3 пайызын құрайды. Олар - балалар, студенттер, зейнеткерлер мен жұмыссыздар және декреттік демалыста отырған аналар.

Сәдібек ҚАБЫЛТАЕВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ №2 ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:


Медициналық көмек халлыққа тегін болады. Бұрын жоғарыда айтылғандай кейбір түрлері ақылы болатын болса, қазіргі уақытта кім өзінің статусын анықтап, актуализациядан өткен халық болатын болса, олар тегін медициналық көмек алатын болады. Жалпы біздің Екібастұз бойынша 152 мың халық, соның 99 пайызы өтті актуализациядан.

Ө. Қуанар