Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

30-ға жуық адам Денсаулық сақтау министрлігіне шағымданды

AstanaTV
26.12.2019ж. 20:00
2783
30-ға жуық адам Денсаулық сақтау министрлігіне шағымданды

Дәрігерлердің салғыртығына шағымданушылар азаймай отыр. Бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Nur Otan" партиясында республикалық қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 30-ға жуық адам жазылған. Олардың басым бөлігі ақ халаттылардан жапа шектік деп отыр. Сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен шетелде емделу мәселелері де сөз болды. Аталған сала министрінің баспасөз хатшысы қаралған әр іс бақылауға алынатынын жеткізді.

Гауһар БИСАРИНА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Министр барлық сұрақтарға сол жерде шұғыл жауап берді. Денсаулық  сақтау басқармаларына, подведомственный институттарға тапсырма беріп, емдеуді және оңалтуға көмек берілетінін айтты.
   
Бұдан бөлек, мәжіліс депутаты Альберт Рау да тұрғындардың арызын тыңдады. Елордалық зейнеткер Кешубай Шамилев жалдамалы пәтер алу жолдарын сұрады. Қарияның қараша айында үйі өртеніп кетіпті. Сарапшылар үйді қайта қалпына келтіру мүмкін еместігін айтқан. Депутат жалдамалы пәтер  зейнеткерге берілмейтінін айтты. Тек Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетіне тапсырма беретінін айтты.

Альберт РАУ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ұлыңыз бар, қызыңыз жұмыс істейді. Сондықтан жалдамалы пәтер беру мүмкін емес, ал күн жылынған кезде құрылысқа қажетті материалдармен көмек көрсетуге тырысамыз. Мен комитетке өтініш жіберемін.


    
Ғ. Өтемісов